Повесть 9 бөлімнен тұрады. Бөлімдері: "Танысу", "Тілеп алған азап", "Әзілі ме шыны ма?" , "Өкініш", "Теке қарт", "Не болды бізге?", "Бұдан кейінгі күндерде …", "Ойламаған жерден", "Үш күн қалғанда". Шығарманың негізгі ойы – жас жеткіншектерді адамгершілікке,шыншылдыққа, қайырымдылыққа тәрбиелеу.Шығарманың композициялық құрылысы мынадайБасталуы. Шаншатайдың ауылға келуі, ауыл балаларымен танысуы..Байланысуы. Шаншатай Ертайдың суретші екенін білуі,екеуінің айырылмастай дос болуы.Шиеленісуі. Мектеп оқушыларының қырман даласына көмекке баруы,түрлі ойын-сауық ұйымдастырулары, Шаншатай ауыл балаларының газетке деген қызығушылықтарын оятуы.Шарықтау шегі. Оқушылардың өз мақалаларын оқу үшін Теке қарттың үйіне іздеп баруы, Шаншатай мен Иманбектің төбелесуі, Иманбектің одан кешірім сұрауы.Шығарманың шешімі. Ертайдың салған суретінің «Октябрь балалары» газетіне шығуы.Повестегі басты-басты оқиғалар:• Шаншатайдың ауылға келуі.• Балаларды егін басына ертіп баруы.• Егін басындағы балалардың өнері.• Балалардың "Октябрь балалары" газетімен танысуы.• ң қырман басынан қайтардағы қырманшыларға өнер көрсетуі.• Шаншатайдың "доп қуу" ойынын ұйымдастыруы.• Шаншатай мен Иманбектің төбелесі.• Балалардың Теке қартпен кездесуі.• Келдібек директордың балаларға пионерлік тапсырма беруі.• Ауылға радио келуі.• Иманбектің кешірім сұрауы.• Ауыл баларының мәдениеттілігі.• Ауылға газет келуі.
Объяснение: