Тілші: -Шиелілік кыз келіншектер соңғы кездері жоғалып бара жатқан киізбасу өнерін қайта жаңғыртып, жүннен қолөнер бұйымдарын жасай бастады. Қолдан жасалған бағалы бұйымдар ЭКСПО -2017 халықаралық көрмесінде туристер назарына ұсынылмак. Шетелдік қонақтарды қызықтыратын да осы қолдан жасалған қолөнер бұйымдары. Әсіресе, ұлттық нақышта дайындалған кәдесыйларға деген сұраныс жоғары. Айжан Беккұлова, Қазақстан қолөнершілер одағының төрайымы: -Әрине, тек сыйлык ретінде ғана емес, сондай-ақ тұрмысқа қажетті текемет, қамзол, көйлек, етік, қолғаптардыңда сан түрін жасауға болады. Қазір колдан жасалған экологиялық таза заттарға сұраныс жоғары. Сондықтан да біз Қызылорда да туризм саласын дамытуға жұмыс жасап жатырмыз. Әуелі кыз-келіншектерді оқытып, үйретіп алмақпыз.Сонан соң дайын өнімдерді көрмеге дз қою, сайттарға шығару,сату жұмыстарымен айналысамыз. Маған тренингке қатысып жатқан қыздардың белсенділігі өте ұнады. Барлығының да қызығушылықтары мол, ерекше ынта-жігермен іске кірісіп кетеді. Қазақы дәстүрді жалғастырып,жүннен қолөнер бұйымдарын жасау-өте маңызды кәсіп.

4. Сөйлемдегі сөздерді орын тәртібіне сай жаз, бастауыш пен баяндауышты тауып астын сыз. Жүннен қолөнер жасай бастады қыз - келіншектер бұйымдарын. Біз әуелі қыз- келіншектерді үйретіп алмақпыз. оқытып, Бағалы ЭКСПО -2017 халықаралық бұйымдар туристер көрмесінде назарына ұсынылмақ.

All2006 All2006    2   06.05.2022 00:37    0

Другие вопросы по теме Қазақ тiлi