Тілашар дегеніміз – баланың ұстаз алдын алғаш көруіне (мейлі ол қожа, молда болсын, мұғалім болсын) арналған ізгі ниет, бата-тілек емес пе?! Ертеде алалы жылқы, ақтылы қой айдаған ірі байлар балаларын Бұхара, Самарқан, Қазан, Түркістан, Орынбор секілді қалаларға үлкен медреселерден білім алуға жіберген. Ауқатты адамдардың көбі ауылында бала оқытатын қожа-молдаларды ұстаған. Баласын алысқа жіберуге шамасы келмейтін қоңыртөбел шаруасы барлар мен саптыаяқтық айраны бар кедейдің өзі баласын ауыл арасындағы молдаларға апарған екен. Тілашар дәстүрі сол кезде жасалған. Оқуға баратын баланы жуындырып, тырнақ-шашын алып, әркім жағдайына қарай балаға жаңа киім кигізіп, қолдағы барымен дастарқан жасап, үлкендерден бата алған. Таудай болсын талабың,
Ашылсын тілің, қарағым.
Оқу сіңіп санаңа,
Жарқырай берсін қабағың.
Мақтанышы бола біл
Ата менен анаңның! –

деген секілді ақ ниеттен шыққан батаны естіген баланың рухы көтеріліп, оқуға талпынған. Ата-анасы баласын молдаға жетелеп апарып: «Молдеке, сүйегі – біздікі, еті – сіздікі. Осы балаға қара танытып, тілін ашып беріңіз», - деп тапсырады екен. Әрине, ол заманның оқуы мен бүгінгі дәуірдің сабағын да, ұстазын да салыстыруға болмайды. Алайда мұсылманша әріп танып, оқу-жазуға көзі қарақты болғандардан қазақтың небір ғұлама ғалымдары, классик ақын-жазушылары шықты емес пе? (Зейнеп Ахметова)

Оқушыға арналған тапсырмалар

1-тапсырма. Мәтінді түсініп оқып, 4 сұрақ құрастырыңыз.

2-тапсырма. Оқылым материалы бойынша құрылымын сақтап, досыңа тілашар дәстүрі туралы хат жазыңыз.

Karinarikfeeet Karinarikfeeet    2   21.10.2020 11:17    0

Другие вопросы по теме Қазақ тiлi