Тіл туралы мақал-мәтелдер 1. Ана тілің алпыс тілге татиды. 2. Тіл жүйрік емес, ой жүйрік. 3. Тіл мәртебесі - ел мәртебесі. 4. Тіл – достықтың алтын көпірі. 5. Тіл - ұлттың сүйенетін тамыры, сыйнатын тәңірі. 6. Халық үшін өзге тілде сөйлеу қауіпті емес, өзге тілде ойлау қауіпті. 7. Тілі өлген ел - тірі өлген ел. 8. Тіл - өлшеусіз қазына, өрісі кең әлем. Тілден тілдің кеңдігі болмағанымен, кемдігі жоқ. 9. Өз тілің – бірлік үшін, Өзге тілің – тірлік үшін. 10. Тіл сүйексіз болса да, сүйектен өтеді. 11. Тіл қоса алар жер мен көктің арасын, тіл айырар анасының баласын. 12. Тіл ақылдың - өлшемі. 13. Ішімдегінің бәрі тілімде, тілімдегінің бәрі түрімде. переведите и обясните смысл пословиц