Тіл саласы термині: қ термин: биологиялық термин: қ термин: қ термин: образдың түрлері жаттығу 9класс болындарш емаее керек гоо, ору с себя крч ну

creeperm477 creeperm477    3   19.08.2019 20:00    2

Ответы
deadraccoon20 deadraccoon20  05.10.2020 05:48

Термин сөздер – белгілі бір ғылымның, техниканың, спорттың салаларына жататын сөздер. Терминдер бір ғана тура мағыналы сөз болып келеді.

Терминдегі сөздердің басты қасиеті мынадай:

а) ғылым мен техниканың әр саласына тән болуы керек.

ә) термин сөздер дара бір мағыналы болуы керек.

б) термин сөздердің көпшілігі дүние жүзі тілдерінің бәріне ортақ болуы керек.

Лингвистикалық терминдер: фразеология, фонетика, лексика, морфология, синтаксис, стилистика, метафора, идиома, метонимия, омоним, синоним, антоним, орфография, архаизм, историзм, бастауыш, баяндауыш, толықтауыш, пысықтауыш, анықтауыш т.б.

Физикалық терминдер: күш, жылдамдық, орын ауыстыру, үдеу, салмақ, қозғалыс жатса, скалярлық шамаларға: жұмыс, энергия, масса, қуат, уақыт, температуралар .

Биологиялық терминдер: биология, ботаника, жасуша, микроскоп, жасуша қабықшасы, цитоплазма, пластид, лейкопласт, хлоропласт, хромопласт, ұлпа, түзуші ұлпа, жабын ұлпа, қор жинаушы ұлпа, фотосинтездеуші ұлпа, фотосинтез, мүше, мүшелер жүйесі, биосфера, популяция, биогеоценоз, макроэлементтер, микроэлементтер, гидрофильді, моносахаридтер, дисахаридтер, генетикалық код және т.б.

Математикалық терминдер: қосу, алу, көбейткіш, көбейтінді, алгебрa, аксиома, теорема, коэффициент т.б.

Химиялық терминдер: оксид, натрий, хлорид, элемент, периодикалық жүйе, реакция, көміртегі, қышқыл, азот, химиялық қосылыс т.б.

ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Қазақ тiлi