Төл сөзді төлеу сөзге айналдыру жолдары
Төл сөзді төлеу сөзге айналдырғанда, негізгі өзгеріс Төл сөздің тұрлаулы
мүшелерінде болады; екіншіден, бір жақтың орнына екінші бір жақ айтылады,
үшіншіден, автор сөзіндегі «де» етістігінің орнына айт, сөйле, сұра, бұйыр деген
сияқты етістіктердің бірі айтылады. Мысалы:
-
Төл сөз
Төлеу сөз
– Биыл біздің үйірмеде жеті оқушы-
Рашида Байғарина сұрағымызға жауап
ның өнертапқыштық ұсынысы өн-
беріп, биыл өздерінің үйірмесінде жеті
діріске енгізілді, - деді Рашида Байға- оқушының өнертапқыштык
рина сұрағымызға жауап беріп.
| өндіріске енгізілгенін айтты.
4. Төл сөздерді төлеу сөздерге айналдырып жазыңдар.
1. «Өнер алды – қызыл тіл», - дейді халық. 2. Ахмет Байтұрсынұлы былай
деген: «Тіл – адамның адамдық белгісінің зоры, жұмсайтын қаруының бірі».
3. «Мал жұтайды, - деді Абай, - өнер жұтамайды».
4. Директор:
— Мұны қалай түсінуге болады? – деп сұрады.
5. Марат былай деп жауап берді:
– Кешіккендер сыбағадан құр қалады.
119
ІХ БӨЛІМ. АСПАН ӘЛЕМІНІҢ ҚҰПИЯЛАРЫ