. Т.Айбергеновтің «Сағыныш» өлеңіндегі сағыныш сазы эссе

выолета выолета    1   12.03.2021 08:54    56

Ответы
koshe4ka556654 koshe4ka556654  11.04.2021 10:00

Төлеген Айбергенов 8наурыз 1937жылы дүниеге келген.Төлегеннің жырларын оқыған сайын,бір беймәлім жұмбақ әлемге кіргендей әсер қалдырады.Сондай өлеңдерінің бірі-

Сағыныш өлеңіндегі сағыныш сазы.Мұқтар Шахановқа арнап:

Сағындым жаным мен сені!

Көркіңді жүрген сағыныш қылып.

Мендейме екен бар ағаң,

Шын інім болсаң,бас бұрма жаным,

Өсек-ғайбатқа бораған-деп басталған арнау өлеңінде жанрға тән ерекшелік байқалады.Ақынның бұл өлең жолдары пәк сәбидің жүрегіндей жүрегімен,таза пиғыл-шынайылығымен жазылғаны көрініп,оқырманға ой салады.Т.Айбергеновтың Сағынышы-туған елге,досқа,ата-анаға,табиғатқа деген сағыныш сазы болып оқырманды өзіне мөлдір шықтай тазалығымен баурайды.Т.Айбергеновтың өлеңінде басқа ақындарда жоқ өмірге,дүниеге деген сағыныш бар.Өлеңдегі ақын сағыныштары-сағыныш сазы болып буырқанып,теңіз болып тебіреніп,биік таулардан асып,асқақтаған,арнасынан асқан сезім жиынтығы.Өлеңді оқыған сайын өмірге ынтазарлығыңды арттырып,құштарлығыңды оятады.Мына қамшының сабындай қысқа ғұмырды,қу дүниенің парқын ұғына бастайсың.

Сағыныш!

Көбірек жүріп кеттім-ау деймін көшеңнен,

Жиірек тартып кеттім-ау деймін кесеңнен.

Артықта боларма екен-ау,

осынау зымыран жылдар ішінде,

Күн сайын сені жүз рет көрдім десем мен!-деген жолдарынынан шексіз сағыныштың ақынның кішкентай жүрегіне қалай сыйғанына таң қаласың.Ақын оқырманын сағынышымен жаулайды.Т.Айбергенов қазақ поэзиясына өзіндік жаңа ырғақ,тегеурінді екпін әкелген ақын.Арамыздан өзі ерте кеткенмен,сағынышқа толы өлеңдері кеткен жоқ.Сағыныштың сазы болған өлеңдерімен мәңгі жасай бермек.

ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Қазақ тiлi