Сынып класс пән
предмет Сабақ тақырыбы
Тема урока Бағдарлама бойынша сабақ №
№ урока по программе Мерзімі
Дата Мұғалімнің аты-жөні
ФИО педагога
8 Қазақ тілі ТЖБ I тоқсан 22-23 26-28.10 Карамендин О.С
Оқу мақсаты: Цели обучения:
1. Мәтін тақырыбын, тірек сөздер арқылы көтерілген мәселені болжайды,болжалдық сан есімді жазбаша орынды қолданады,мақала жаза алады.
«Қазақ тілі мен әдебиеті Т2» пәнінен 1-тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары /Задания суммативного оценивания для 8 класса 1 четверти
Оқылым /Чтение
Энергетикалық дағдарыс
Қытай ғалымдарының айтуынша, Айдан табылған Гелий-3 элементі Жердегі энергетикалық дағдарыстың алдын алуға көмектеседі. Егер а Айдан бұл элементті өндіріп алатын болса, одан алынатын энергия он мың жылға жетеді, - деп хабарлайды Huffington Post.
Қытай ғалымдары осылай әлемге жар салудан бұрын Айды мұқият зерттеген. Жер серігінің беткі қатпарында термоядролық реакторға шикі өнім бола алатын пайдалы қазбалардың көп екендігі белгілі болды. Гелий-3 – Жерде өте сирек кездесетін элемент, себебі Күн сәулесінің атмосфера қабаттарынан өтуі кезінде аталған элементтің изотоптары тыста қалып қояды. Ал Айда ешқандай ауа қабаты болмағандықтан, Гелий-3 ол жақта өте көп. Қытай ғалымдары Гелий-3 элементін Ай бетін 600 градусқа ысыту арқылы бөліп алуды жоспарлап отыр. Содан соң шикі материалдар Жерге жіберілетін болады. Mail Online газетінің сараптамалық жұмысында небары 40 тонна Гелий-3 элементі бүкіл АҚШ территориясын бір жыл энергиямен қамтамасыз ете алады делінген. Ал Айда бұл элементтің 10 миллион тонна қоры бар екені анықталды.
Әзірге Қытай Айдағы табиғи байлықты игеру мақсатындағы қазба жұмыстарын бастау уақыты туралы ештеңе айтқан жоқ. Ал америкалық зерттеушілер бұл жобаның қанша қаржыны қажет етеніні туралы сараптамалық талдау жасауда. Huffington Post газеті Айдан қазып алынған әрбір тонна Гелий-3 элементінің құны орташа есеппен 3 миллиард АҚШ долларына тең болатынын жазады. Бұл – Жердегі мұнайды қолданғаннан әлдеқайда арзан әрі Жер үшін өте пайдалы болады.
1. Сөйлемдердің «шын, жалған» екенін белгілеңіз./Отметьте правильные и неправильные сведения:
Тұжырымды сөйлемдер Ш/Ж
Айдан қазып алынған әрбір тонна Гелий-3 элементінің бағасы өте арзан
Ай бетін 600 градусқа ысыту арқылы бөліп алынған Гелий-3 элементі АҚШ территориясын бір жыл энергиямен қамтамасыз ете алады делінген
Мәтіннен мына сөздің синонимін табыңыз./Найдите текста из синоним данного слова:
Тиімді -
Мәтіннен мына сөздің антонимін табыңыз/Найдите из текста антоним к данному слову:
Зиян -
2. Берілген сөйлемді өз сөзіңізбен қайта жазыңыз (перифраза).
Қытай ғалымдары осылай әлемге жар салудан бұрын Айды мұқият зерттеген.
3. Берілген сұраққа өз ойыңызды білдіріп, жауап беріңіз. Энергетикалық дағдарыстан шығудын қандай жолы ұсынылды? ответьте на вопрос своими словами:
Жазылым/Письмо
Екі сұрақтың біреуін таңдап, жауап жазыңыз. Өз жауабыңызды тиісті стильге келтіріңіз.
Выберите один из двух вопросов и напишите ответ.
1. Білім. Ғылым. Инновация/Знание.Наука.Инновация
Ақпараттық технологиялар, медицина, ауыл шаруашылық, сауда, өнеркәсіп саласында ғылым бар екенін дәлелдеп, бірнеше жобаларда жұмыс істеп, халықаралық патенттер алып үлгерген жастар бар. «Қазақстанның жас ғалымдары» жайында мақала жазыңыз./Напишите статью на тему: «Молодые ученые Казахстана» на 10-12 предложений.
2. Сауда жасай білесіз бе?
Сіздің мектебіңізде 16 желтоқсан күні ҚР тәуелсіздігіне орай қайырымдылық жәрмеңкесі өткізілетінін елестетіңіз. Жергілікті газетке осы жәрмеңке туралы пікір жазыңыз. Көрген, алған әсеріңізді сипаттап жазыңыз./ Представьте, что на День Республики в Вашей школе проводится благотворительная ярмарка, напишите в газету статью об этом мероприятии на 10-12 предложений.
[