-сынып «Қазақ тілі» пәнінен 4-тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары Аспан әлемінің құпиялары
Саяхат және демалыс. Синтаксис
1-нұсқа
Оқумақсаты
5.1.4.1. Тірек сөздер мен жетекші сұрақтар арқылы негізгі ойды анықтау;
5.2.6.1. Оқылым стратегияларын қолдану: жалпы мазмұнын түсіну үшін оқу, нақты ақпаратты табу үшін оқу;
5.3.4.1 Эссенің кіріспе, негізгі, қорытынды бөлімдерін сақтай отырып, өзіне таныс адамды. белгілі бір мекен мен оқиғаны сипаттап не суреттеп жазу;
5.4.5.5. Төл сөз, төлеу сөз, автор сөзінің жасалу жолдарын, қызметін білу, төл сөзді төлеу сөзге айналдыру.
Тапсырма Мәтінді мұқият оқыңыз.
Амәтіні
Өткен жұмада Аян деген досым екеуміз хайуанаттар бағына саяхатқа барғанбыз. Ол жерде ине шаншар орын жоқ екен. Досым екеуміз бір шетінен бастап аңдарды қарай бастадық. Алдымен бірінші торда қолдарына білезік таққан қос маймыл отыр екен Жанымыздағы адамдардың айтуынша Африкадан әкелінсе керек. География сабағында мұғалім Африканы мекендейтін хайуанаттар туралы қызықты мәліметтер айтқан болатын. Аян екеуміз соны қасымыздағы балаларға айттық
Әрі қарай жүре берегенімізде сусар мен тасбақаларды көрдік. Бұл тасбақалар әлдеқайда үлкендеу екен Бүркіт, сұңқар, бірқазандар да темір тордың ішінен
орын алыпты.
Сөйтіп келе жатқан екеуміз бір қызыққа ұшырастық Әдетте ерсілі-қарсылы ұшып жүретін қарлығашты бір жігіт бұлбұлдай сайратып қойыпты. Қазақ киелі санаған құстың бұлбұлша сайрағанына қайран қалдым. Иелерінің айтуынша алдағы уақытта піл мен көкқұтан әкелінбекші екен. Міне, біздің қызықты саяхатымыз осылай аяқталды
l-тапсырма
Тұжырым
Хайуанаттар бағындағы тасбақалар біршама үлкен екен Сұңқар мен бірқазандар тордың сыртына жайғасыпты. Екі дос қарапайым қарлығаштың әнші құстарша сайрағанын естіп, таңғалады.
Дұрыс
Бұрыс
2-тапсырма Мәтіндегі екі дос өздерінің танымдық білімдерін қолдана алды ма? Осы жайлы ойыңызды 3-4 сөйлеммен жазыңыз.
Ә мәтіні
Үркер
Үркер күз басында шығыстан, қыс басында төбеден, көктем басында батыстан көрінеді. Ал жаз басында мүлдем көрінбейді. Қазақтар: "Үркер төмен түспей, жер қызбайды" дейді. Оның орналасу жолының ауылшаруашылығына тікелей қатысы болған.
Шоқжұлдыздардың «Үркер» деп аталуы сол жұлдыздардың аспанда үріккен қойдай
шашырап жатқанын бейнелесе керек