Сыныбы: 6 « » Оқылым
«Соңғы жылдары қалада мәдени-ағарту мекемелері желісі едәуір көбейді. З театр, 23
кітапхана, 5 мұражай, 1 клуб мекемесі, 2 кинотеатр, мемлекеттік филармония, 2 оқушылар
сарайы, музыка мектебі, өнер мектебі, көркемөнер мектебі жұмыс істейді.
Халықты спортпен және дене шынықтырумен тұрақты айналысуға тарту мақсатында
өткен кезеңде жаңа спорт кешендері ашылды және балалар-жасөспірімдер спорт мектебіне
(БЖСМ) күрделі жөндеу жүргізілді. Халыққа қызмет көрсетуге 25 спорт-сауықтыру кешендері
іске қосылды.
2001-2005 жылдар кезеңінде бұқаралық ақпарат құралдарының (БАҚ) саны 78-ден 169-та
дейін (77 газет, 82 журнал, 7 телерадиокомпания, 3 ақпараттық агенттік) өсті. Олардың ішінде
25 БАҚ ағылшын, неміс, украин, татар тілдерінде шығады. Сонымен бірге мемлекеттік емес
БАҚ-тар үлесін арттыру үдерісі байқалып отыр, бұл қазіргі уақытта 66 %-ды құрайды.
1-2. Мәтіннен берілген сөздердің антоним, синонимдерін табыңыз,
Жұртты (синоним)
Азайды (антоним).