Сусыз тіршілік жоқ.су баға жетпес байлық

наталя40 наталя40    2   28.08.2019 01:10    0

Ответы
Аркадичка Аркадичка  28.08.2019 01:10
Су - тіршілік көзі, өмірдің қуаты. "судың да сұрауы бар" дейді аққан судың қадірін білген дана халқымыз. күнделікті судың қадірін біле бермейтініміз - шындық. сарқырап су ағып тұрған соң бір тамшы суға зар болған жандардың басындағы ауыртпашылықты қайдан білейік? ағызып қойып соны ойлай бермейміз-ау. ал барша мұсылманға қасиетті рамазан айында ораза ұстағанда, алла разылығы үшін ас-судан тыйылып, күн батқанша қара су аузың жетпегенде ғана не дүниенің парқына барасың. күн еңкейе батып, ауызашар уақыты кіргенде ұрттаған суыңнан , одан артық бақыт сыйлар дүние бар ма, шіркін! судың бағасын білмей, суға қоқыс тастап, оны ластайтын жандар бір өзіне ғана емес, қа зиян жасап жатқанын біле ме екен? сусыз бір күн өмір сүрудің өзі тәніңді азапқа түсірерін білер ме екен? тазалықты білетін, сүйетін дана халқымыз бұлақ көзін жаппаған, керісінше бұлақ көзін ашуды сауапты іс деп білген. тіпті, суды бей-берекет жұмсамаған. бір сәт соны ойға алып, дана халқымыздың тәрбиесімен сусындап, судың да сұрауы барын білгеніміз жөн.
ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Қазақ тiлi