Суретті пайдаланып,шайтанкөл туралы шығын сипаттамалық мәтін құра.

sofiyakasheeva sofiyakasheeva    2   24.09.2019 04:50    2

Ответы
MissMi MissMi  08.10.2020 14:08
Жергілікті қазақтар, таудың ұшар басында, бастауы жоқ, тостағанға құйып қойғандай ықшам болып жатқан, ағын су келіп қосылмаса да жыл он екі ай суы ортаймай бір қалыпта тұратын,өзі де ешқайда ақпайтын, әрі десе кейбір көлшіктер тәрізді жаздың ыстығында суы сасымай ( ешқайда ақпай бір орында тұрған судың сасып кететіні болушы еді) сап-салқын болып жаңарып тұратын қасиетіне қарап бұл көлді қасиетке балап, суына келіп беті-қолдарын жуып, емдік қасиеті бар деп санаған екен. Әр жұма сайын жергілікті байлар мен қожа молдалар осы көлдәі басына келіп мал шалып, қазан асып, құран оқып, жиын жасап тұрған. Сондай бір жиын кезінде, Шаншар руынан шыққан Торсықбай деген өзі тақыр кедей, өзі қу жігіт әлгі құдайы асқа келіп, бал қымыз бен етке тойып алмақшы болады. Бірақ, жуан қарын байлар, жыртық шекпенді кедейді менсінбей, астан дәм таттырмастан көл басынан қуып жіберіпті. Бұл қорлыққа шыдамаған Торсықбай қу, іштей кіжініп кете барады. Арада біраз уақыт өтіп, жуандар кезекті рет Әулие келдіңғ басына жиналып, табақтағы асты алдарына ала берген кезде, қойтастардың арасынан ащы дауыс естіледі де артынан үсті басы жалбыр-жабыр, түрі адам шошырлық бір мақұлық шығып, үрейлі дауысын үдете отырып, жиналған қауымға қарай жүгіреді. Мұндайда молдекеңдерде ес қалама? Бірінен кейін бірі зуылдатып дұға оқып, құран аяттарын айтысып зуылдай бастайды, әлгі мақұлық болса елең қылмастан өзінен өзі құтырынып, жандарына жақындап-ақ қалады.
Больше не знаю
ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Қазақ тiлi