Суретке сай сөзді тап. Тауға шығу – таптырмас тынығу. Жаз мезгілінде адамдар табиғаты тамаша мекендерге саяхат жасауды жоспарлайды.
Олардың бірі – таулы мекендер.
Даму
Ербол: Назым, ертең тауға шығамыз ба?
Назым: Жоқ, ертең тауда ауа райы салқын болады.
Ербол: Ендеше келесі жолы міндетті түрде тауға шығайық!
Tay дейтін алып жүрек Ана туған
Мен таулықпын!
Таудан мен жаратылғам.
Киіктің сүтін еміп ержеткенмін
Қуат алып қыранның қанатынан.