Сурақ: Ауылға құтты қонақ келді дейік, қәдімгі қазақи жолмен мал сойып, қазан асып қарсы алады, ақсарбаз қойды қонақтың алдына әкеп бата жасатады, мал сойылып әбігер болып жатқан кезде сойған қойдың басын ауылдың иті алып кетеді, ал осы жағдайда қайтадан мал союға үлгермейді, басы жоқ табақты қонаққа тартуға тура келеді, ал осыны қонаққа басты ит алып кетткенін қалай білдіру керек, қалай табақ тарту керек? (Қазақ ет тарту жол жосынымен бірлестіріп ойлаңыз) - дейді.
Жауабын айтып көріңдер,
Бұны білсеңіз қазақтың жөн жорағасын жақсы білетініңді білдіреді, қанекей, кім дұрыс айта алар екен.

dmitrocreativ dmitrocreativ    2   05.02.2021 19:42    105

Ответы
falinova07 falinova07  07.03.2021 19:43

Табақ тартудың шебері ретінде үйіне шақырып, табаққа етті мүшелеп салу кәдесін жасауды оған сеніп тапсырады. Айтуынша, малдың жілігін орнымен тартпаса, қонағына деген сый-құрметті дұрыс көрсетпегенмен тең.

Жалпы қазанға етті қонақ санына қарай саламын. Бес адамға бір табақ ет есептелінеді. Ал бір табаққа кемінде екі жілік салмасаң аздық етеді. Мысалы, бас табаққа жамбас міндетті түрде салынады. Бас табақ үлкендерге тартылатындықтан, жанына кәрі жілік салынады. Бірақ кәрі жілік бір бөлмеде отырған қонақтарға бірнеше табақ тартылғанда екі рет салынбайды.

Екінші табаққа ортан жілік, қабырға, омыртқа, сүбе, құйрық май салынады. Үшінші табаққа жауырын салынады омыртқа, сүбесі, құйрық майымен салынады. Ал төртінші табаққа асықты жілік. Егер күйеу болса төсін қосады.

Ал құдағиларға арнап бесінші табаққа жағымен қосылып жамбасты салады. Келесі табаққа кәрі жілік қабырғасымен, омыртқа сүбесімен салынады. Одан кейінгі табаққа ортан жілік салынады. Содан кейін тоқпан жілік алынады. Жауырынмен тағы бір табақ тартылады.

Қалған тоқпан жілік, асықты жілікті жастар жағына қояды. Бір ескеретін жайт, өлімде күйеуге арналып тартылатын төс табаққа салынбайды.

Барлық табаққа бел омыртқа, бір тілім құйрық май, бір тілім сүбе, екі үлкен қабырға салынады. Жастар табағына жай омыртқа салынады. Екінші табаққа ортан жілік, бел омыртқа салынады. Үшінші табаққа жауырын, бел омыртқа, қабырға салынады.

Оқи отырыңыз: Сүндеттеудің сыры

Ал төртінші табаққа басқа бөлмеде немесе басқа үстелде отырса, кәрі жілік тартыла береді. Бірақ кәрі жілік орта жасқа жетіп қалғандарға беріледі. Жастарға топатай жілік, жай омыртқа, сүбе құйрық майымен тартылады. Ал отбасындағы қыз-келіншектерге асық жілік, мойын омыртқа, қалған қабырға беріледі.

Төс пен құйымшақ тарту дәстүрі

Жасы 70-80-ге келсе де өз үйіне келгенде кемпір қыз болып есептеледі. Күйеу бала да солай. Сондықтан төркіндеп келген қыз төрде отырады. Ал қыз отырған жерде табаққа құйымшақ салынады. Ал күйеу бала келгенде төсін алдына қойып, жеңгелері міндетті түрде төстің кәдесін алады.

– Соңғы кездері қонаққа барғанда жілікті табаққа дұрыс кәделеп салмайтынын байқап жүрмін. Етті турап әкелетін дәстүрді шығарды. Бұл біздің қонаққа көрсететін ең үлкен құрмет-сыйымыз болғандықтан ол дәстүрден ажырамауымыз керек. Біз – өте ырымшыл халықпыз. Үлкендер ас жеп болған соң жастарды шақырып алып, бас табақтан асатып жатады. Бас табақтан ас жеп отыратын біздің жасымызға жет, жолымызды берсін деп тілегені.

Әр жердің салты басқа...

Алайда табақ тарту рәсімі қазаққа ғана тән дәстүр болғанмен, орналасқан аймағына қарай жіліктердің орнын ауыстырып тарта береді.

ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Қазақ тiлi