Сумен байланысты аңыз әңгімелер Мейірім мысалын оқиміз
Тапсырма 117 бет 6 тапсырма
берем

alenaalefirova alenaalefirova    2   28.01.2021 12:49    1

Ответы
leo1010101 leo1010101  27.02.2021 13:05

Объяснение:

Бұлақ (көз, бастау, қайнар) - жер асты суларының жер бетіне (кейде су астына) өздігінен шоғырлана шығатын жері. Бұлақтар әр түрлі белгілері бойынша тұма, қайнар, термалды бұлақ, жалғасты бұлақ және т.б. делініп бірнеше топқа бөлінеді. Суы тұщы, әсіресе мол өнімді Бұлақтар елді мекендерді ауыз сумен, шаруа қожалықтарын керекті сумен камтамасыз етуге, жер суаруға кеңінен пайдаланылады. Минералдылығы 1 г/дм3-ден астам жылы және ыстық бұлақтың суы санаторийлер мен емдеу орындарында түрлі ауруларды емдеуге қолданылады. Мұндай бұлақтар республиканың шығыс және оңтүстік өңірлеріндегі таулы аймақтарда кездеседі.жер асты суларының жер бетіне табиғи шығуы. Бұлақ үнемі және үзіліспен ағып тұрады. Бұлақтардың көпшілігі жерге сіңген қар, жаңбыр суларымен (вадоздық бұлақтар) қоректенеді. Жайшылықта бұлақ суы суық болады және онда еріген тұздың мөлшері көп болмайды. Егерде су өте тереңде орналасқан жер қабатының жоғарғы температурасы бар зоналары арқылы өтсе, онда бұлақ сулары жылы (термалды) болуы да мүмкін. Жылы және суық бұлақтар ювенильдік сулар деп аталатын магмадан бөлініп шығатын сулармен де қоректенуі мүмкін. Ювениль сулар минералды болып келеді. Егер температура 100° артық болса, кейде фонтан сияқты атқылап жататын қайнаған бұлақтар (арасан) пайда болады.

Табиғи бұлақ

Көктем

[1]Бұлақ, бастау – жер бетіне шығып жатқан табиғи жер асты су көзі. Ол таулы, қыратты аймақтарда, өзен, көл жағаларында жиі кездеседі. Бұлақтың арынсыз және арынды түрлері бар. Арынсыз бұлақ ылғалды жылдарда, көктемде қар ерігеннен кейінгі және жауын-шашынды кезеңдерде жер бетіне таяу жатқан грунт суы деңгейінің көтерілуінен пайда болады. Оны әдетте тұма деп атайды. Құрғақшылық жылдары, ылғалсыз жаз айларында мұндай бұлақтың суы тартылып қалады. Арынды су көзі – артезиан (арынды) суынан бастау алып, сай-жылғаларда, өзен мен көл бойында немесе тау-тастардың терең жарықтарынан шығатын бұлақты қайнар деп атайды. Мұндай су көзінің өнімі, температурасы, минералдық тұмаға қарағанда тұрақты келеді. Сонымен қатар әктасты, гипсті, карсты таулы аймақтарда, қыраттарда жер астындағы кең көлемді жарықтарды бойлай өзен секілді ағып, жер бетіне шығып жататын бұлақтың ерекше түрі воклюз деп аталады. Суы мол, өнімі тұрақты воклюздер Қазақстан жерінде Қаратауда, Шыңғыс тауында, Жайық бойындағы Индер тауында, Үстіртте, т.б. аудандарда кездеседі. Кейде олардан жер астында кішігірім көлдер пайда болады. Бұлақ суларының температурасы оның бастауындағы сулы қабаттардың тереңдігіне, сол өңірдің абсолюттік биіктігіне, геотермиялық ерекшеліктеріне, жыл маусымына қарай әр түрлі болады. Мұздық тауларда бұлақ суының температурасы 0ӘС-тан аспайды, ал сөне қоймаған жанартаулы аймақтарда оның температурасы 100ӘС не одан да жоғары болады. Мұндай ыстық бұлақтар гейзер деп аталады. Гейзерлер Исландияда, Италияда, Жаңа Зеландияда, Ява аралдарында, Камчаткада кездеседі. Суы тұщы бұлақ елді мекендерді ауыз сумен қамтамасыз етуге, мал жайылымдарын суландыруға, жер суаруға пайдаланылады. Минералдығы 1 г/л-ден астам жылы және ыстық бұлақ сулары санаторийлер мен емдеу орындарында әр түрлі ауруларды емдеуге қолданылады. Мұндай бұлақтар Қазақстанның оңтүстігіндегі және шығысындағы таулы өңірлерде жиі кездеседі. Қайнар – жер қойнауындағы терең қабаттардан тектоникалық жарықтар арқылы жер бетіне табиғи жолмен шығып жатқан арынды жер асты су көзі; арынды бұлақ. Қайнар суының өнімділігі жыл маусымдарының барлық кезінде, негізінен, тұрақты болып келеді. Жазық жерлерде – өзен аңғарлары мен қыраттар беткейінде оның тәуліктік су өнімділігі көбінесе ондаған текше метрден а тау бөктерлерінде, тауаралық ойыстарда жүздеген, мыңдаған, биік таулы аймақтарда одан да мол болады. Әктасты таулы өлкелерде кейбір арынды бұлақтардың тәуліктік өнімділігі бірнеше миллион текше метрге жетеді. Қазақстанда мұндай мол өнімді арынды бұлақтар Қаратау (Оңтүстік Қазақстан) мен Ерейментауда (Орталық Қазақстан) кездеседі. Олардан өзендер бастау алады, ауыз су алынады, жер суарылады, мал жайылымдары суландырылады. Қайнар бастау алып шығып жатқан қабаттардың тереңдігіне қарай жылы және ыстық, ал жанартаулы өңірлерде (Ресейдегі Камчаткада, Куриль аралдарында, т.б.) тіпті ыстық бұлақ сулары жер бетіне шығып жатады. Мұндай ыстық арынды сулар – жылу мен энергия қуатын алуға пайдаланылады. Таулы аймақтардағы (Жетісу мен Іле Алатауларында, Алтайда, т.б. өңірлерде) табиғи газға, денсаулыққа пайдалы аз мөлшерлі химиялық элементтерге қанық жылы, ыстық сулы қайнар бұлақ сулары санаторий, курорттарда қолданылады. Каспий бойындағы кейбір тұзды бұлақтардан ас тұзы өндіріледі.[2][3]

ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Қазақ тiлi