Су – тіршілік көзі. Осы мөлдір сұйықтыққа бар тіршілік тәуелді. Бірақ күнделікті тұрмыстың ажырамас бөлігіне айналған судың емдік қасиеттері жайында көбі біле бермейді. Су адамның шөлін қандыру немесе тұрмыстық қажеттілігінен басқа да жайларға пайдаға асады.
Дана халқымыз «Судың да сұрауы бар» деп бекер айтпаған. Себебі, тамақсыз бірнеше күн өмір сүре алсақ, сусыз тіршілік жоқ. Тіпті, адам денесінің 2/3 бөлігі судан тұрады. Тіпті алғашқы тіршілік те судан басталған. Жер бетінде су - ең кең таралған зат және ол өміріміздің барлық саласында қолданылады: күнделікті тұрмыста, ауыл шаруашылығында, минералды тыңайтқыш ретінде, бу қондырғыларында, өсімдіктердің жайқалып өсуі үшін оларды уақтылы суару керек. Жануарлар да сусыз өмір сүре алмайтыны айдан анық. Тіпті біз күнделікті өзімізді жақсы сезіну үшін дене салмағымыз бен істейтін жұмысымызға байланысты екі литр шамасында су ішуіміз қажет, сонымен қатар су жуыну және жуу үшін де қажетті.
Ал біз күнделікті судың қадірін біле бермейтініміз - шындық. Сарқырап су ағып тұрған соң бір тамшы суға зар болған жандарды түсіне бермейміз. Қазіргі кезде өнеркәсіпте көп қажеттіліктерге суды пайдаланғаннан, өндіріс қалдықтары суды ластауда. Сондықтан күн өткен сайын ішуге жарамды таза су азайып барады. Бұл ретте біз қолымыздан келгенше суды үнемдеп, оның басты құндылық екенін естен шығармауымыз керек.
Су - тіршілік көзі.