«Су – тіршілік көзі» деген тақырыпта эссе жаз. 5сынып эссе жәзүкерек көмектесыңдерші отнемм казак тили ​

apuha2003p07yqc apuha2003p07yqc    1   14.12.2020 08:01    2

Ответы
Sasha13353747 Sasha13353747  14.12.2020 08:10

Материалдың толық нұсқасы

Су – тіршілік көзі

Су – тіршілік көзі, өмірдің қуаты. «Судың да сұрауы бар» деп бекер айтпаған. Сол үшін біз суды орынсыз және босқа пайдаланбауымыз керек. Оның қасиетті екенін ата-бабаларымыз бұрыннан айтып келе жатыр. Су болмаса біз өмір сүре алмаймыз, себебі айналадағы қажетті өмірге заттардың барлығы сумен байланысты. Адамдар суды ластамауымыз керек, себебі су деген тіршіліктің жаны, оны ластайтын болсақ зиянды заттармен, бізге де, қоршаған ортамызға да зиян келері сөзсіз. Әрине, су барлығымызға өте қажет, бірақта жылдан жылға су азайып бара жатыр. Мысалы; Арал мен Каспий теңізінің сулары құрғап бара жатыр.

ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
gr3ygo0se gr3ygo0se  14.12.2020 08:10

«Су – тіршілік көзі»

Мақсаты: Су туралы білімдерін кеңейту, судың қасиетімен таныстыру, судың маңызын аша білу, оқушылардың ой қабілетін шыңдау, өзіндік ойлау, оқушыларды іздемпаздыққа, ұйымшылдыққа, бір - бірінің пікірін тыңдауға; суға қамқорлық жасау, экология мәселелеріне назар аудару.

Су-тіршілік көзі. Сусыз тіршілік ететін, ағза кездеспейді. Тіршілік құбылыстарының бәрі судың қатысуымен жүреді. «Жер бетін қанша шарласаңыз да, су сияқты мөлдір, әрі иіңізге көне беретін жұмсақ зат таппайсыз. Бірақ су, өз жолында қандай қатты, әрі берік зат болса да, егеп, қашап, тесіп өтеді. Оны ешкімде өз ырқына бағындыра алмайды. Кез — келген қаттыны жеңіп кетеді. Жұмсақ болса да берік нәрсені өз ыңғайына көндіре алады. Мұны барлығы біледі, бірақ осылай әрекет етуге ешкімнің де жүрегі дауаламайды», — деп бұдан екі жарым мың жыл бұрын ғұмыр кешкен қытай ғұламасы Лао — Цзы жазған болатын.

Барлық тірі ағзалардың 75 пайызы судан тұратыны бәріңізге мәлім. Таза сусыз адам өмір сүре алмайды. Су үнемі теңіз, ауа мен құрылық арасындағы айналымды жүзеге асырады.

Суды ластанудан сақтау әр адамның міндеті. Қоқыстарды суға тастауға болмайды. Судың тазалығын сақтасаң, оның ішіндегі жануарларды, өсімдіктерді сақтағаның.

ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Қазақ тiлi