Су қоры Қазақстан үшін өте маңызды. Қазақстан жерінде өзен, көл, мұздықтар мен жер асты суы климат факторларына тәуелді. Су қорларының ішінде, әсіресе, өзен және көл ағындарының маңызы аса күшті. Бірақ өзен көлдердің деңгейлері үнемі күрт өзгеріп отырады: кей жылдары су мөлшері артық болса куаң жылдары көптеген өзен және көлдер құрғап қалады. Су қорлары кең-байтақ аймақта біркелкі емес. Қазақстан үшін мұздықтардың орны бөлек. Қазақстандағы су қорының негізгі көзі-мұздықтар суы. Қазақстан мұздықтарын 3 топқа жіктеуге болады:аңғарлық мұздықтар, беткейлік мұздықтар және шың мұздықтары. Осылардың ішінде көбірек таралғандары аңғарлық мұздықтар. Аңғарлық мұздықтардың көпшілігі Қазақстан табиғатын зерттеуге аса зор үлес қосқан. Іле Алатауындағы Корженевский мұздығы –Қазақстандағы аса ірі мұздық болып саналады. Аңғарларда мұздықтардың көпшілігінің қалыңдығы 50-100 м, ал таудың жоғары беткейлеріндегі мұздықтардікі 10-30 м.
5. Мәтін бойынша берілген сөйлемге сұрақ қой. / Составьте вопрос в данному предложению [ ]
Су қоры Қазақстан үшін өте маңызды.