Суға жүзу Көлдің бетін иректеп,
Қалқып жүрген үйрек көп.
Інім тұрды қыңқылдап:
«Жүзуді, аға, үйрет», - деп.
Көлдің үстін сызғылап,
Жүзген қаздар ызғын*-ақ.
Құр қызықтап көрумен
Қайтамыз ба біз бірақ...
Дәрменсіздік танытпай,
Үйренуден жалықпай.
Інішегім екеуміз
Жүзсек дейміз балықтай.
Әділғазы Қайырбеков
Өлең мазмұны бойынша бір-біріңе сұрақ қой.
с
• Суда жүзудің пайдасы қандай?
• Суда жүзуді үйрену үшін не істеу керек деп ойлайсың?
• Өлеңдегі қарамен берілген сөздердің мағынасын сөздіктен
біліп ал.