СТАВЛЮ
1-тапсырма. Мәтін бойынша 5 сұрақ құрастыр
Әлемдегі әрбір халықтың өз тілі бар. Қазір дүниежүзінде шамамен 5000 жуық тіл бар. Әрбір тілдің өзіне тән ерекшелігі болады, сондықтан тілдерді жақсы-жаман деп бөлуге болмайды.
Қазақ тілі түркі тілдер тобына жатады. Қазақ тілін меңгерген адам қырғыз, өзбек, қарақалпақ, ұйғыр тілдерін түсіне алады және басқа түркі тілдерін тез үйрене алады.
Қазақ тілі – біздің еліміздің мемлекеттік тілі.
2-тапсырма. Көмекші есімді еске түсіріп, тест тапсырмасын орында
Тест
1. Көмекші есімдер дегеніміз не?
А) Жеке тұрып,дербес толық лексикалық мағынаға ие бола алмайтын сөздер
В) Көмекші сөздер арқылы жасалған сөз
С) Сын есімнің түрленуі арқылы жасалған сөз
Д) Қосарлану арқылы жасалған сөз
Е) Ең азы екі сөздің тіркесіп,бір ұғымды білдіруі
2. Көмекші есімдерді табыңыз.
A) оқ
B) арт
C) қарт
D) аққу
E) шие