Спорт – денсаулық кепілі. Әрбір адам спортпен айналысу керек. Спортпен айналысқан адамның денсаулығы мықты, өзі шыдамды және көңіл күйі көтеріңкі болады.
Спорттық ойындардың түрлері өте көп: футбол, баскетбол, волейбол, теннис, хоккей,
шаңғы тебу, суда жүзу. Спорт адам денсаулығына өте пайдалы. Спорт адам өмірін
ұзартатынын білеміз. Сол үшін балаларды ерте жастан спортқа деген қызығушылығын
ояту үшін мектеп бағдарламасына дене шынықтыру пәні енгізілген.
Біздің отбасымызда да анам мен әкем бізді үнемі спортпен айналысуымызды
қалайды. Мен күнде таңертең ерте тұрып, «Балапан» телеарнасымен бірге түрлі
жаттығулар жасаймын. Аптасына үш рет «каратэ» спорттық секциясына барамын.
Өзіммен қатар құрдастарымды спортпен айналысуға шақырамын. Спорт дегеніміз -
адамдардың денсаулығы, еңбекке дайындығы. Денсаулық - зор байлық. Денсаулық мықты
болу үшін адамға мынадай төрт шартты бұлжытпай орындау керек. Олар: дене еңбегі,
тамақ ішу, уақытты дұрыс пайдалану, шынығу және дем ала білу.
3-тапсырма. Мәтін мазмұны бойынша 2 сұрақ құрастырыңыз. /Составьте два
вопроса к тексту
Спорт дегеніміз не?
Қандай спорттық ойындар бар?