«Спорт – денсаулық кепілі» деген тақырыпта эссе жаз.

Талаптар:

нақты айқындалған кіріспе, негізгі бөлім, қорытынды бөлімнен құралуы шарт;

тақырыптан ауытқымаған дұрыс;

тезистерді ұтымды дәлелдермен растау қажет;

өмірмен байланысты болуы тиіс;

өзіндік тың пікірлер келтіру керек;

баяндау стилі нақты болуы шарт;

көріктеуіш тілдік құралдар мен сан есімдерді, құрмалас сөйлемдерді ұтымды қолдану қажет;

көлемі – 100-150 сөз.

Р000000 Р000000    2   02.12.2020 15:26    1

Ответы
BLASTER11111 BLASTER11111  01.01.2021 15:26

Мен спортпен әуестенетін адамдардың қатарына кіремін. Күн сайын таңертеңгілік жаттығулар жасаймын, бұл маған сабаққа барар алдында ұйқымды ашуға көмектеседі. Бос уақытымда, достарыммен бірге коньки тебуге және жүзуге барып тұрамын. Осының арқасында денсаулығым жақсарып, сирек ауратын болдым. Ғалымдардың айтуынша, күніне 30-40 минут уақытыңды спортқа бөлсең, ауруға шалдығу қаупі 30%-ға азаяды. Спорт жаттығулары ағзаның иммунитетін көтереді, сол себепті спортпен шұғылданатын адамдар, вирустық инфекцияларға бейім болмайды. Физикалық белсенділік қан тамырларына жағымды әсер етеді. Жүрек – дененің ең маңызды органы, оның дұрыс жұмыс істемеуі, ауыр салдарға әкелуі мүмкін. Күнделікті жаттығулар – жүрек-тамыр жүйесінің қызметінің жақсаруына кепілдік береді. Сондай-ақ, жаттығулардың көмегімен, қарт адамдардың буыны мен бұлшықеттері күшейеді. Барлығы спортпен айналысуы керек, әсіресе денсаулығы нашар кісілер. Бүгінгі таңда көптеген спорт секциялары бар, ол жердегі тәжірибелі жаттықтырушы, сізге ұнайтын жаттығу түрін таңдап береді. Салауатты өмір салтының қарапайым қағидаларын ұстанатын болсаң, денсаулығынды нығайтып, өміріңді ұзартуға мүмкіндік аласың. Сонымен бірге, дұрыс тамақтануды, ұйқының жақсы болуын және таза ауада серуендеуді ұмытпаған жөн.

ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Қазақ тiлi