Спорт -денсаулық кепілі. Ал мықты денсаулық- адамның еңбекке, қоғамдық іс-әрекетке белсенді қатысуының кепілі. Қазақ халқы бала тәрбиесіне ерте кезден көңіл бөлген. Баланың ақыл-ойының,
дене бітімінің дұрыс қалыптасуына айрықша мән берген. Халқымыздың спорттық ойындары- осының
бірден-бір дәлелі. Ежелден садақ тарту, бәйге, күрес, аударыспақ сияқты спорт түрлерімен айналысқан
қазақ халқы спорттың басқа да түрлерімен шұғылдану арқылы өздерінің рухани байлықтарын
жетілдіріп отырған. Халық өзіне лайықты деп санаған ұлттық спорт түрлері мен әртүрлі дене
жаттығуларымен айналысқан. Әр өңірдің, әр аймақтың өз мергені, өз сәйгүлегі болған. Балалар мен
жасөспірімдер арасында спортты дамыту-бірінші кезекте тұрған мәселе. Осыған орай мектептерде,
жоғарғы оқу орындарында көптеген спорт секциялары, үйірмелер жұмыс істеуде. Ұлттық спорт
түрлері де жақсы жолға қойылған. Атап айтсақ, қазақша күрес, тоғызқұмалақ, аударыспақ, бәйге,
көкпар, қыз қуу, асық ату, бестас сияқты спорт түрлерінен арнайы федерациялар құрылған.
1-тапсырма
Мәтінге ат кой
(надо исправить ошибку в тексте)