Сойлем мушелеры дегенимиз не?

Formica2017 Formica2017    2   30.11.2020 13:11    0

Ответы
popovichmilanap06lkc popovichmilanap06lkc  30.12.2020 13:13

Сөйлем мүшелері – сөздердің мағыналық тұрғыдан өзара тіркесуі нәтижесінде синтаксистік қызметте жұмсалатын сөйлемнің дербес бөлшектері. Сөйлемдегі сөздер бір-бірімен мағыналық байланыста болады, сол байланыс негізінде грамматикалық мағынаға ие болған сөздер, сөз тіркестері сөйлем мүшелері қызметін атқарады.

Объяснение:

Бастауыш - кім? не?

Баяндауыш - не істеді?

Анықтауыш - кқандай? қай? қанша? неше? кімнің? ненің?

Толықтауыш - кімді? нені? кімге? неге? кімнен? неден? кімде? неде? кіммен?

немен?

Пысықтауыш - қашан? қайда? қалай? қайтіп? қайдан?

Сұрақтары.

ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
kononovadm kononovadm  30.12.2020 13:13

Сөйлем мүшесі деп сөйлем құрамында тұрып, белгілі бір сұрауға жауап беретін толық мағыналы сөзді, сөз тіркесін не күрделі сөзді атаймыз

Сөйлем мүшелері сөйлемдегі маңызына, қызметіне қарай тұрлаулы мүшелер және тұрлаусыз мүшелер болып екі топқа бөлінеді.

Сөйлемде сөздер бір-бірімен грамматикалық байланысқа түсіп, белгілі мағынаны, ұғымды білдіріп, ой білдіруге себебін тигізіп тұрады. Сөйлем ішінде басқа сөздермен грамматикалық байланысқа түсіп, белгілі бір сұраққа жауап бере алатын мағыналы сөзді я сөз тізбегін сөйлем мүшесі дейміз. Сөйлем мүшелері атқаратын қызметі жағынан бастауыш, баяндауыш, толықтауыш, анықтауыш, пысықтауыш болып беске бөлінеді. Олар сөйлем құрай алу қасиетіне байланысты тұрлаулы мүше және тұрлаусыз мүше болады. Бастауыш пен баяндауышты тұрлаулы мүшелер, ал анықтауышты, толықтауышты, пысықтауышты тұрлаусыз мүшелер .

ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Қазақ тiлi