Составте вопросы про мұқағали мақатаев 10 вопросов на казахском и на !

ezio19 ezio19    3   27.07.2019 13:20    5

Ответы
ALik3575 ALik3575  07.09.2020 21:16

Мұқағали Мақатаев жайлы сұрақтар.

1. Мұқағали Мақатаев қай жерде дүниеге келген?  

Алматы облысы, Нарынқол ауданы, Шалкөде ауылында дүниеге келген.

2. Мұқағали Мақатаевтың өмір жылдары? (1931 - 1976)

3. Мұқағали Мақатаев қай жерде білім алған? ҚазМУ-дың филология факултетінде, Қазақ мемлекеттік университетінің филология факультеттерінде оқып және Мәскеудегі М. Горький атындағы әлем әдебиеті институтында білім алады.

4. Мұқағали Мақатаев қай жылы отау құрды? 1949 жылы.

5. Мұқағали Мақатаевтың жарының есімі? Лашын

6. Қай жылы Алматыға қоныс аударып, әдеби ортаға етене араласа бастайды? 1962 жылы.

7. Қандай газет - журналдар редакциясында жұмыс істеген? «Социалистік Қазақстан» (қазіргі «Егемен Қазақстан») газетінің (1962-1963 жж.), «Мәдениет және тұрмыс» (қазіргі «Парасат») (1963-1965 жж.), «Жұлдыз» (1965-1972 жж.) журналдарының редакциясында жұмыс істеген.

8. Ақынның тұңғыш өлеңдері қандай газеттерде жарияланған? "Қырман басында”, “Қойшы бала — Әкітай” ауданындағы “Советтік шекара”.

9. Мұқағалидың талантын алғашқы болып кім бағалаған? Ә.Тәжібаев.

10. Ақынның қандай шығармаларымен таныссыздар? Мұқағалидің “Қарлығашым, келдің бе?”, “Дариға жүрек”, “Аққулар ұйықтағанда”, “Шуағым менің”, “Соғады жүрек”, “Шолпан”, “Жырлайды жүрек”, “Өмір - өзен”, ”Өмір - дастан” және т.б. жыр жинақтары, сондай - ақ, “Қош, махаббат!” атты прозалық кітабы да бар.

ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Қазақ тiлi