Составьте сочинение на тему "менің анам-ең сұлу "

alekskholod01 alekskholod01    1   03.07.2019 06:50    0

Ответы
kira9let kira9let  27.07.2020 09:51
Ананы дүниедегі ең жақын адам деп санау әр адамның парызы. Ана- отбасының негізгі діңгегі, бастапқы дәнекері. Жанұядағы қадірлі жанның бірі- ана.
Ана- өмірге ұрпақ әкелуші, отбасының лаулап жанған оты, баланың тәрбиешісі, ақылшысы, қамқоршысы.
Біздің халық бала тәрбиесіне өте көп көңіл бөлген. Баланың ана құрсағында пайда болуына, оның өмірге келуіне, оның алғашқы қадамына, алғаш атқа отыруына, алғаш жолға шығуына арналған жеке- жеке әдет- ғұрпымыз, жол- жоралғымыз бар. Халқымыз сонымен қатар бала тәрбиесіндегі ананың рөлін өте жоғары бағалаған. Тіліміздің өзін ана тілі деп атауы- аналарға көп жүк артады. Аналардың бала тәрбиесіндегі жауапкершілігін көрсетеді.
Әрбір ана сәбиінің дені сау болып, жақсы азамат болып өскенін қалайды. Ана шынында да өмірдің гүлі, күннің нұры екен. Түн ұйқысын төрт бөліп оянатын ананың сенімін ақтау қажет. Ол үшін біз жақсы оқып, үлгілі тәртібімізбен, спорттағы, өнердегі жетістіктерімізбен көзге түсуіміз керек.
Мен өз анамды сыйлаймын, жақсы көремін. Ол қайратты, жігерлі жан. Жүрегі кең, қолы жомарт адам. Менің анам қандай жағдай болмасын «балам қатарынан қалмасын, білім алып үлкен азамат болсын» деп, әрқашан тілеуін тілеп жүретін асыл жан.
Ана- барлық өмірдің бастауы. Ол адамды өмірге әкеледі, оны тәрбиелейді, өсіреді. Адам бойындағы барлық асыл қасиет күннің нұрынан, ананың ақ сүтінен дариды. Ана- ұлы адам, Ана- құдіретті жан.
Мына жарық дүниеге әкелген ана алдында бәріміз де бас иеміз.
«Әйел, бір қолымен бесік тербетсе, екінші қолымен әлемді тербетеді»- деген халқымыз. Қандай нақтылы айтқан ой десеңші. Шындығында аналарсыз, мына әлемді елестету мүмкін емес.
Біздің бойымызға ең жақсы қасиеттер алдымен анадан тарайды. Ананың нәзік үні, жұмсақ аялы алақаны, жан жылуымен аялауы бізді әлдилеп жұбатады. Ана-үйдіңберекесі, қызбаланыңөнегесі, шаруаныңнесібесі.
ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Қазақ тiлi