Составьте кластер на слово қамқорлық

magicufoshowp08hm1 magicufoshowp08hm1    1   07.07.2019 20:20    5

Ответы
Murv847 Murv847  30.07.2020 23:21
Дүниедегі ең асыл қазына – адамдардың амандығы, яғни адамзаттың өмірі. «Қамшының қысқа сабындай бір күндік жарық сәуле өкінішсіз, тосын оқиғасыз өтіп, өмірлері күлкімен, шаттықпен өрнектелсе екен» деп, үлкеннің де, кішінің де Алладан тілейтіні – осы амандық. Әрине, өмір болғасын бейнеттің де, қиындықтың да кездесетіні рас. Бірақ «сақтансаң – сақтармын» деген нақыл сөзді жадында ұстап, айналасына жауапкершілікпен қарап жүргенге не жетсін?! Күнделікті ақпараттан құрылыстағы, шахтадағы, зілзала, жол апаттары кесірінен дүниеден өтіп жатқан алтын асықтай азаматтарды, жәудіреген бүлдіршіндерді көргенде тұла бойың түршігеді. Апырай, «адамның басы – Алланың добы, маңдайға қай күні жазылса, сол күні алады» деп жұмыста болсын, тұрмыста болсын, адам өміріне немқұрайды қарайтыны несі деп өкінесің. Әрбір оқиға сайын көптің көкейінде жүрген, миымызды мазалайтын – осы жайт. Бұл туралы айтылып та, жазылып та жүр….

Ал мына бір дерек еріксіз қолы­ма қалам алғызды.
Жуырда тәуелсіз мемлеке­тіміздегі инвесторлардың алғашқы қарлығашы «Теңізшевройл» жауап­кершілігі шектеулі серіктестігінің биылғы жарты жылдағы атқарған жұмыстары жөніндегі мәліметті ақтара отырып, жауыр болған мұнай мен газ өндіру көлемі емес, «2010 жылғы 20 мамырда «Теңізшевройл» және мердігер ұжым­дардың қызметкерлері қауіп­сіздік техникасын сақтаудан тағы бір маңызды межеге қол жеткізді. ТШО қызмет уақытын жоғалтпай, ешқандай оқиғасыз 10 миллион «адам – сағат» жұмыс істеген» деген дәйекке ерекше назар аудардым. Осы бір санды әңгімеге арқау етейін. Яғни осы кәсіпорынның адам өмірін сақтауға деген қатаң тәртібін, қызметкерлердің жауапкершіліктерін көзбен көрген оқиғамен байланыстырып, ортаға салуды жөн көрдім.
Тоқсаныншы жылдың ортасында Алматыдан келген атақты режиссерлер мен операторларды деректі фильм түсіру үшін «Теңізшевройл» кәсіпорнына бастап апарғаным бар. Уақыт тығыз, кешкі автобус­пен қалаға қайта оралу керек. Бізді қарсы алған кәсіпорын қызметкері міндетті түрде техника қауіпсіздігі жөнінен лекция тыңдау қажеттігіне тоқталды.
Келген қонақтар қызметтік куә­ліктерін көрсетіп, зауыт ішіне кірмейтіндіктерін, тек сыртқы көрінісін түсіретіндіктерін айтып, азар да безер болды. Бірақ болмады. Амалсыздан бесінші сы­ныптың оқушысы сияқты партада отырып, дәріс алуға тура келді. Оқуымызды оқып болып, көлікке отырғанымыз сол еді: «Ағайлар, белдіктеріңізді тағыңыздар, онсыз қозғалмаймыз» деген жүргізушінің сыпайы даусын естідік. Қазір ғой, барлық жүргізушілердің белдік тағуды міндеттегені. Ол кезде бұл үрдіс әзірейілдей көрінетін. Біз де дереу тапсырманы тыңғылықты орындадық.
– Көлігіміз зауытқа қарай аяғына жем түскен аттай болып жылжып келеді. «Айналайын-ай, аяғыңды бассайшы, айдалада маи да жоқ, бағдаршам да жоқ, – деді шыдай алмаған қонағымыз.
– Ағалар, ренжімеңдер, жыл­дам­дықты 70-тен асыра алмаймын, – деген жауап алдық.
Міне, өндірістің тек сыртқы келбетін көру үшін қандай сақтық ережелерін оқыдық, түйдік. Ал енді өндірістің орталығына кіру үшін жақын шетелден келген қонақтың сақалымен қоштасқаны елдің ішінде аңызға айналып кетті. «ТШО сақал саудаламайды, қырып тастайды» деген әзіл әңгімелер осы тәртіпті талап етуден басталады.
Мінеки, осы айтылған жай ғана мысалдардан нені түйіндеуге болады?
Кәсіпорын ең алдымен адам өмірін, ал өнім өндіруді екінші кезекке қойды деп айтуға толық негіз бар. Мұнда адамдардың өнімді еңбек етуіне толық жағдай жасалған. Жайлы орын, тамағың, демалыс орын­дарын көрген адамдар таңдайла­­рын тақылдатып кетеді. Бірақ «басы дыңылдап» келген қызметкер­лер өз алдына, еңбек өндіріс тәртібін бұзған жұмысшыларға «сау бол» қағазы дайын тұратын көрінеді.
Екіншіден, отандығы бар, шетелдігі бар кәсіпорындар техника қауіпсіздігі, еңбек тәртібі, жалпы адамдарды тәртіпке үй­ретуді осы ТШО-дан үйреніп, тәжірибе алмасуы қажет. Себебі, психологтардың пайымдауынша өндірістегі, яғни сегіз сағат бойғы тәртіп әбден санаға сіңіп, адамдар тұрмыста да осы тәртіппен жүреді. Мысалы, автокөлікті өндірісте белгілі деңгейде жүргізген адам жекеменшік автокөлігімен де сол жылдамдықпен жүруге дағдыланып алады. Сонымен қатар балаларына да осы тәртіпті үйретіп отырады. Ал осы жол апатынан елімізде қаншама адам өмірмен ерте қоштасып жатыр.
Демек, осы өзекті мәселені ғалымдар болып көтерсе де артық етпейді.
Ал ТШО-да осындай көпке үлгі болар игілікті істер жалғасын тауып жатыр.
ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Қазақ тiлi