Составьте к каждому моменту в сказке вопрос. сказка: мақта қыз болыпты. мақта қыз үйін жинап жүріп, бір мейіз тауып алады да, мысықты шақырады, мысық келмейді. қыз: – келмесең келме! – деп, мейізді өзі жеп қояды. жеп болған соң мысық келіп: – неге шақырдың? – деп сұрайды. мақта қыз айтпайды. сонан соң мысық: – ендеше қатығыңды төгем! – дейді. мақта қыз: – мен құйрығыңды кесіп аламын! – дейді. мысық қатықты төгеді. мақта қыз мысықтың құйрығын кесіп алады. мысық: – апа, апа, құйрығымды берші! – дейді. мақта қыз: – менің қатығымды төле! –дейді. мысық сиырға барады. – сиыр, маған қатық берші! – дейді. сиыр: – менің қарным ашып тұр. маған жапырақ әкеліп берші! – дейді. мысық ағашқа барып: – ағаш, ағаш, жапырағыңды берші! – дейді. ағаш: – мен шөлдеп тұрмын. су әкелсең, жапырақ беремін, – дейді. мысық суға бара жатса, су әкеле жатқан қыздарды көреді. – қыздар, қыздар, маған су беріңіздерші! – дейді. қыздар оған: – бізге сағыз әкеліп берсең, біз саған су береміз, – дейді. мысық дүкенге барады. – әй, дүкенші, маған сағыз берші! – дейді. дүкенші: – маған жұмыртқа бер! – дейді. мысық тауыққа барады. – тауық, тауық, маған жұмыртқа берші! – дейді. тауықтар: – бізге дән әкеліп берсең, біз саған жұмыртқа береміз, – дейді. мысық: «енді не қыламын? » – деп бара жатса, бір ін қазып жатқан тышқанды көреді. мысық тышқанды бас салады. – жаныңның барында айт! үйіңде не бар? – дейді. тышқан қорыққанынан: – үйімде бір табақ тары бар, – дейді. мысық: – маған бір уыс тары бер, – дейді. тышқан үйіне барып, бір уыс тары әкеліп береді; мысық тарыны апарып тауыққа береді, тауық жұмыртқа береді; жұмыртқаны апарып дүкеншіге береді; дүкенші сағыз береді; сағызды апарып қыздарға береді, қыздар су береді; суды апарып ағашқа береді; ағаш жапырақ береді; жапырақты апарып сиырға береді, сиыр қатық береді; қатықты апарып мақта қызға береді, мақта қыз мысықтың құйрығын бердi.
мысық неҮшін қабықты төгеді?
мақта қыз не үшін мысықтың құйрығын кесіп алады?