Составьте диалог на тему отношений между поколениями.диалог между бабушкой и мальчиком ( желательно на казахском) ​

swietajakubiak swietajakubiak    2   22.04.2019 20:09    9

Ответы
katya1074 katya1074  22.04.2019 21:10

ответ:

объяснение: әже туралы диалог

- еркебұлан, қайда асығып барасың? бірдеңе болып қалды ма?

- әжеме көмектесуім керек еді, дүкенге бармақшы едік, соған асығып барамын.

- мені сыртта ағам көлікпен тосып тұр, асығыс болсаң, сені жолай жеткізіп салайық?

- тамаша болушы еді, көп рахмет, марғұлан!

- оқасы жоқ. бізде үнемі атамыз бен әжемізге көмектесіп тұрамыз. ал әжем болса әрдайым «қолыңнан келген көмегіңді аяма» деп үйретіп отырады. жүр, онда тезірек есік алдына шығайық.

- ия, дұрыс айтасың. әжелеріміз – тәлім – тәрбиенің бастауы, бізге үлгі – өнеге көрсетер асыл жандар ғой.

- мен өзім бірінші сыныпқа дейін әжемнің тәрбиесінде болғанмын.   тұңғыш немере атасы мен әжесіне бауырына салынатын салт – дәстүр бар ғой, міне, сол дәстүр бойынша ата – анам мені атам мен әжемнің тәрбиесіне беріпті.

- ия, менің де бұл жайлы естуім бар. жақсы дәстүр деп есептеймін. себебі, үлкен кісілер айтып жатады ғой, әжесінің тәрбиесін көрген жаман болмайды деп.

- ия, толықтай келісемін. қарт кісілер таусылмас қазына ғой, жас ұрпақтың ол кісілерден үйренері мол. өз басым ауылға ұзақ уақыт бойы бармай қалсақ, әжемнің ыстық бауырсақтары мен «айналайын» деп маңдайымнан сипағанын сағынып отырамын.

- әңгімелесіп отырып, қалай келіп қалғанымызды да байқамай қалыппын. үлкен рахмет!

- жақсы, оқасы жоқ.

подробнее - на -

ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Қазақ тiлi