Составьте 10 вопросов по тексту!
жүрісі қандай — қашан да қағылез, жып-жинақы, ширақ. киім киісі қандай —
«үстіне құйып қойған ба? ! » — дейсің. сыпайы, сырбаз. кейде өзі құралпы ағалардың
- ортасында жайраң қағып кетіп бара жатса, енді бар ма, қой бастаған серкедей жарасар еді. кіл өңкей сайдың тасындай ірікті қаламгерлер, "қазақ журналистикасы" дейтін
жаңа қалыптасқан жарасты ортаның бiр-бiр бұланайы.
«атағынан ат үркетін» дегенді
қазекем осындайда айтқан болар-ау. әйтеуір біз маңайлай
найлай алмаймыз, алыстан көз cya-
рып, алмай-бермей тәнтіміз. әсіресе бәкең атақты фельетоншы
болашағынан зор
урналист. ол кезде сырттай көріп, көңілге түйгеніміз болмаса, біле
міз ғой, бірақ кейін келе анық көзіміз жеткені: өз тұрғыластары, тіпті жасы
үлкендеулері де ол кісіні шынында серке санайтын. тегі, ондай көсемдік («лидер»
мағынасындағы) қасиеттері кезінен-ақ білінген сияқты. қазму-да өзімен бірге,
оқыған достарының айтуына қарағанда, бірінші курста жүргенде-ақ бәрі «қайырған
қаршығадай» дейтіндей осынау құбaқан ң ықпалына түсіп, «жас та болса,
бас» деп мойындаса керек. «қой асығы демегін — қолыңа толса, сақа тұт, жасы кіші
демегін — ақылы асса, аға тұт» дегенді айтқан қазақ қандай даңғыл! ал сөйткен
бәкең біз көргенде де сол қалпында еді.