Составить вопросы по тексту баяғыда біреу той жасапты, тойға көп кісі жиналыпты, қожа да келіпті. қожанасырдың үстіндегі киімі жаман екен. қожанасырды ешкім елемепті. "төрге шык, тамақ іш",- демепті. қожа үйден шығып кетеді де, үйіне барып, тәуір киімдерін киіп, қайта келеді. бұл жолы үй иесі қожанасырды құрметтейді, төрден орын береді, ет келгенде: - қожеке, алыңыз, алыңыз! - деп қошеметтейді. қожа етті жемей, табаққа шапанының жеңін малып: - же, шапаным, же! - деп отыра береді. үй иесі: - сіздің бұ не қылғаныңыз? шапан ет жейтін бе еді? - дейді. сонда қожа: - сен кісіні сыйламайды екенсің, киімді сыйлайды екенсің. сондықтан шапаныма жегізіп отырғаным,- деп жауап береді.