Составить текст про тюльпан на казахском языке!

LopsterId1236543 LopsterId1236543    3   08.09.2019 04:10    2

Ответы
40523 40523  07.10.2020 00:09
Қызғалдақ

Қызғалдақ[1] (лат. Tulipa) – лалагүлдертұқымдасына жататын көп жылдық шөптесін пиязшықты өсімдік. Қазақстанның далалық аймақтарында жиі кездеседі, 32 түрі бар, оның 11 түрі – Қазақстанның эндемигі болып саналады. Бұлардың биіктігі 3 – 50 см. Сабағы жұмыр, тік өседі. Тамырымен жалғасқан буынында пиязшығы болады.[2] Гүл қоршауы ақ, қызыл не сары. Жемісі – қауашақ. Қызғалдақтың пиязшығын күзде гүлі түскеннен кейін жинап алып, оны құрғақ, салқын жерде сақтап, көктемде егеді. Қызғалдақ әсемдік және гүлінен хош иісті зат алу үшін өсіріледі. Қызғалдақтың өте сирек кездесетін 13 түрі (Альберт қызғалдағы, Борщов қызғалдағы, Грейг қызғалдағы, Кауфман қызғалдағы, Шренк қызғалдағы, т.б.) қорғауға алынып, Қазақстанның “Қызыл кітабына”енгізілген.[3]
ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Қазақ тiлi