Мен өзімнің әжемді қатты жақсы көремін, ол мені еркелетеді. Әжемнің тәрбиесі арқылы жақсы-жаманды ажыратып, үлкен-кішіні тани бастадым. Менің әжем мені тек жақсы істерді жасауға үйретті. Әжемнің тәрбиесін көріп жақсы әрі мейірімді болып өсіп келем. Әжеме айтар алғысым әрқашанда шексіз. Мен әжемді қадірлеймін, жақсы көремін.