Составить предложения термин создерге 10 сойлемдер. неологизмдер 10 сойлемдер. конерген 5 сойлемдер курандар

dimasik5671 dimasik5671    3   03.07.2019 14:30    1

Ответы
nikitkaapalkov nikitkaapalkov  02.10.2020 19:13

Термин сөздерге 10 мысал сөйлем.

1. Абай атындағы опера және балет театрының ұжымы кезекті театр маусымын сәтті аяқтап, демалысқа шықты.

2. Фонетика -  тіл білімінің дыбыстық жағын зерттейтін саласы.  

3. Алдағы демалыста филармонияда өткізілетін концертке бірге барайық?

4. Мектебіміздің үздік споршыларынан құралған баскетбол құрама командасы қалалық сайыста бірінші орынға ие болды.

5. Шахматтан ерлер арасындағы әлем чемпионы кім?

6. Ертеңгі геометрия сабағына дайын емеспін.

7. Қанша жаттасам да косинус, синустың формулалары басыма кіретін емес!

8. Қазіргі таңда әлемдегі экологиялық ахуал нашарлап барады.

9. Шағын орта бизнесті дамыту мақсатында мемлекет тарапынан көптеген бағдарламалар ұйымдастырылуда.

10. Бүгінде ғаламтор өміріміздің ажырамас бөлігіне айналып отыр.  

Неологизмдерге 10 мысал сөйлем.

1. Менің ағам "кеден қызметінің үздігі" марапатына ие болды.

2. Қазіргі таңда көптеген жарнама ғаламтор арқылы жасалады.

3. Биылғы жылдың шілде айынан бастап зейнетақы мөлшері тоғыз пайызға көтеріледі.

4. Демалыс күндері отбасымызбен Жеңіс саябағында серуендегенді ұнатамыз.

5. Мамыр айының соңғы күндері оқулықты кітапханаға тапсырып, оқушылар бір демалып қалады.

6. Кеше Мәдениет үйінде өткен Қуандық Рахымның концертінде зал көрермендерге лық толы болды.

7. Біздің университетіміз Мәскеу мемлекеттік университетімен келіссөз жүргізуде.

8. Қазір жарнама сапасыз болып барады.

9. Елімізде ұлтаралық келісім орнап, түрлі ұлт өкілдері тату – тәтті өмір сүруде.

10. Биыл мен алғаш рет ұшаққа мініп, шетелге қыдырып қайттым.

Көнерген сөздерге 5 мысал сөйлем.

1. Әжем ылғи «кежегеңді кейін тартпа» деп айтып отырады.

2. Әмеңгерлік салты қазірде қоғамда ұмытылып келеді.

3. Бұрынғының сарбаздары қолдарына шоқпар мен дулыға алып, жауға шапқан.

4. Құлдыққа түскен жауды әдетте зынданда ұстаған.

5. Тәуелсіздік – ата – бабаларымыз ақ найзаның ұшымен қол жеткізген баға жетпес құндылық.

ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Қазақ тiлi