Составить предложения на казахском языке со словами : тіл,мемлекеттік тіл,меңгеру,сөйлеу,қабылдады,парыз, ел,өмір сүреді.на каждое слово своё предложение, желательно с перереводом ,ну или как получится .зарание 100

AmmosD AmmosD    3   02.07.2019 06:50    2

Ответы
Jannalizahappy Jannalizahappy  02.10.2020 18:10

Берілген сөздермен сөйлем құрастыру.

Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев 2007 жылғы «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» атты халыққа кезекті жолдауында үш тұғырлы тіл жобасын кезеңдеп іске асыруды ұсынған болатын.

Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі – қазақ тілі.

Үш тұғырлы тіл жағдайында жастарымыз бәсекеге барынша қабілетті болу үшін қазақ тілімен қатар орыс және ағылшын тілдерін жетік меңгеру керек.

Тіл – тек адамдарға ғана тән сөйлеу құралы.

1989 жылы «Тілдер туралы» заң қабылданып, қазақ тіліне мемлекеттік тіл мәртебесі берілді.

Ана тілімізді қастерлеп, қадірлеу – әрқайсымыздың парызымыз.

Қазақстан Республикасы әлемде татулығы мен ұлтаралық бірлігі жарасқан ел ретінде танылған.

Қазақстанның кең байтақ дархан жерінде жүзден астам ұлт өкілдері тату - тәтті өмір сүреді.

ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Қазақ тiлi