СОСТАВИТЬ ПО ЭТОМУ ТЕКСТУ 5-8 ВО дебиет қай дәуірде де, қай заманда да адам көңіл-күйінің буырқанған, босаңсыған,
қайрат шақырған, қамыққан, өмірлік мақсаттарға ұмтылған сәттерінің бәрінің де көркем
шежіресі, бейнелі суреті, мың құбылған әуені. Еркіндікті, азаттықты, тәуелсіздікті
әрдайым ту ғып ұстап, ұлттық сана-сезімді тәрбиелеуде, ата-бабамыздан қалған жерімізді
басқыншы жаулардан қорғауда, ұлттық намыс пен ұлттық патриотизмді қалғытпай қайрап
отыруда рухы биік әдебиетіміздің де артар жүгі алдыңғы қатарда еді.
Азаттықты аңсау білектің күшімен, найзаның ұшымен ғана жүзеге аспайтын еді,
сондықтан намысты қайрау, рухты ояту, жігерді жану үшін адуынды шығармалар көмекке
келген. Тәуелділіктің темір құрсауын тәрк етуге ұмтылдырған да қалам шеберлерінің
алаулы өлеңдері болатын. Ерте дәуірлердегі, тіпті, біздің жыл санауымыздан әлденеше
ғасырлар бұрыңғы елді қорғау, жерді қорғау, батырлардың ерлік істерін әспеттеу идеясы
бірте-бірте азаттық, тәуелсіздік жолындағы күрестің ұранына ұласады.
Еліміз тәуелсіздік алғаннан кейінгі алғашқы онжылдық алдымызға тосқан қиын
өткелдерді, қаншама кешкен ауыртпалықты қалай ұмытайық! Осы он жылдағы кешкен
бейнет те, тартқан азап та бәрі заман келбетінің қалай құбылғанын айна қатесіз образға
айналдырып әдебиет тарихында қалдырды.
Тәуелсіздік идеясы – қазақ әдебиетінде ежелден қоныс тепкен ұғым. Тәуелсіздік дәуірінде
бұл мәселе қиялдан гөрі нақты шындық ретінде жырлана бастады. Алайда оны қабылдау
әртүрлі ыңғайда болды. Азаттықтың әркімге де қуаныш әкелгені анық. Әйтсе де, ол
халықтың барлық бөлігіне бірдей молшылық пен таусылмас игілік әкелген жоқ.
Жаһандану үдерісінің жағымсыз әсері де сезіле бастады. Ұлттық құндылықтарға қауіп
төнгені аңғарылды. Бір ұтымдысы – жаңа кезеңде сын айтуға біршама еркіндік берілді.
Сонымен қатар, ескі тоталитарлық жүйе тұсындағы келеңсіздіктер ашына айыптау
сарынын тудырып, бүгінгі өмірдегі ұнамды құбылыстар көтеріңкі көңіл-күймен жырға
қосылды.
Еліміз тәуелсіздік алғаннан бергі уақыт аралығында қазақ әдебиеті дамудың жаңа белесіне
көтерілді. Бұл тұста қазақ жазушылары тоталитаризм қыспағынан босап, еркін
тыныстауға бет алды. Тәуелсіздік жазушыларға сөз бостандығын алып келді. Сөз
бостандығы қазақ жазушыларына кеңестік дәуірде еркін бара алмаған, кең қозғай алмаған
тақырыптарға қайта үңілуге мүмкіндік берді. Тарихымыз бен мәдениетіміздің көлеңкелі
жақтарының ашылуының ұлтымыздың рухани өміріндегі маңызы ерекше. Шәкәрім,
Ахмет, Міржақып, Мағжан шығармаларының жарыққа шығуы әдебиетіміздің көркемдік
көкжиегінің кеңеюіне, ұлттық бояуының айқындала түсуіне өз әсерін тигізбей қойған жоқ.

olegsolomein201 olegsolomein201    1   05.05.2020 11:55    1

Ответы
nastyagosteva nastyagosteva  14.10.2020 07:22

1.Еліміз тәуелсіздік алғаннан бері не көтерілді?

2.Тәуелсіздік алганнан бері елімізде нелер өзгере бастады?

3.Біздің ел бұрыннан келе жатқан салт дәстүрді қолданама?

4.Жаңа кезеңде сын айтуға не берілді?

Объяснение:

ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Қазақ тiлi