Составить небольшой рассказ про тюльпан на казахском

detsadraduga10 detsadraduga10    2   08.09.2019 04:20    1

Ответы
sanadakim sanadakim  07.10.2020 00:10
Көктем ... Шуақты көктем, шұғылалы көктем. Әсіресе, бұл көктемді бақ иелері мен дихандар қалай күтеді десеңізші! Көктем шығысымен олар жер ананың төсін гүлге орайды. Гүл. Біздің ата-бабаларымыз «жердің көркі - гүл» дейді емес пе? Десек те, гүлдің де гүлі бар. Көктемгі бақтың ең әйгілі гүлі – қызғалдақ (тюльпан). Қаhарлы қыстан жалыққан адам көңіліне қуаныш сыйлап, сәулелі сезімді қытықтап оятатын да осы гүл. Сондықтан да бақ иелері өздерінің бақшасын гүлдендіруді қызғалдақтан бастайды. Сондай ақ, бұл гүл мектеп ауласында да әдемі көрік береді.
Негізінен қызғалдақтың Отаны - Орталық Азия. Ол түрік көшпенділері арқылы Азияның басқа бөліктеріне тарап, парсы, түрік мемлекеттері патшаларының сүйікті гүліне айналды. Қызғалдақ ХҮI ғасырдың ортасында Түрік еліндегі неміс елшісі арқылы Германияға жетті. Осы кезден бастап, Еуропа байлары үшін қызғалдақ ерекше орын алды. Ал, голландиялық бай саудагерлер үшін қызғалдақ - байлықтың белгісі болды. Тіпті, ерекше түрлері үшін бар байлығын жұмсағандар да кездесті
ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Қазақ тiлi