Составить не большой диалог про футбол на казахском языке

ДинаСардина ДинаСардина    2   31.05.2019 05:20    2

Ответы
bananchik1213 bananchik1213  01.07.2020 16:07

Мұғалім: - Саламатсыздар ма, оқушылар?

Оқушылар: - Саламатсыз ба,ағай?

Мұғалім: - Сынып,түзел,тік тұр!Бүгін біз футбол ойынын ойнайтын боламыз.

Оқушылар: - Алақай!

Мұғалім: - Алдымен футбол деген не,тарихын,ережелерін қысқаша түсіндіріп өтейін.Арасында сұрақ қоям,дайын болыңдар.

Оқушылар:- Ия!

Мұғалім: - Футбол - спорттың ең танымал командалық ойын түрі.Ағылшын тілінен аударғанда қандай мағына береді?

Оқушы: - Аяқ және доп деген мағына береді.

Мұғалім: - Дұрыс.Ойын тарихы ХІІ ғасырдан басталады.Ең алғаш Англияда дамыған еді.Сұрақ:әр командада максималды неше ойыншы?

Оқушы: - 11 ойыншы,оның біреуі - қақпашы.

Мұғалім: - Дұрыс.Қақпашыдан басқа қорғаушылар, жартылай қорғаушылар,шабуылшылар бар.Бір ойынның аты - матч.Ойынның мақсаты неде?

Оқушы: - Мен айтайыншы!Ойын мақсаты - команданың допты қарсылас команданың қақпасына салу (гол) және өз қақпасына салғызбау. Матчта көбірек доп салған команда ұтады.

Мұғалім: - Өте дұрыс.Ендеше бір,екіге саналып,командаға бөлінейік.

ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Қазақ тiлi