Составить мальнькое сочинение(4-5продложений) на тему таза ауа-денсаулық кепілі

kotrboy kotrboy    2   24.08.2019 23:50    2

Ответы
Matroyshka Matroyshka  05.10.2020 17:37

Таза ауа–денсаулық кепілі. Әр адам тәулігіне бірнеше мың литр ауа жұтады.Ауа мөлдір түссіз.Ауаның пішіні жоқ. Ең алдымен ауадағы оттегі өкпеге барады, ол бүкіл ағзаға тарайды. Зиянды заттармен тыныс алған адам тез шаршайды.  Ол әр түрлі ауруларға шалдығуы мүмкін. Адам жақсы демалуы үшін оған таза ауа қажет. Теңіз жағалауында, орман ішінде таза ауа болады. Ауаға зиян келтіретін экологиялық жағдайлар болады.

Ал жер бетіндегі ауа құрамында денсаулыққа зиянды қоспалар араласып жүреді. Әсіресе  өндірістік қалаларда ауа көп ластанады. Ауаның тазалығын сақтауы үшін ірі кәсіп орындар фабрика, зауыттар, жылу орталықтарының моржаларына қондырғылар орнатылады.Бензинмен жүретін көліктер көп мөлшерде ұлы заттарды бөліп шығарады. Айналадағы ауаның тазалығын сақтауда көгалдандыруды маңызы зор.

Өсімдік ауа құрамындағы көмірқышқыл газын, зиянды заттарды, шаңды жұтып оның орнына оттегі бөліп шығарады. Әр адам жасыл өсімдіктерді отырғызуға атсалысуы керек.

ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Қазақ тiлi