Составить эссе на казахском языке на тему 9 мая 50 или 60 слов с переводом на

lolagrigoreva lolagrigoreva    3   24.09.2019 11:50    1

Ответы
mmmdz mmmdz  08.10.2020 15:04
Адамзат тарихындағы ең сұмдық соғыстың болып өткеніне 66 жыл толды. Бірақ Ұлы Жеңістің ұмытылмайтыны сияқты, соғыс та ұмытылмастай ізін қалдырды. Жеңіс күні – бұл сан мыңдаған ұрпақ үшін ортақ мереке. Бұл мереке – бейбітшілік пен қайырымдылықтың мәңгі жасампаздығын, Отанын қорғаған жауынгер-солдаттар мен офицерлердің айбыны, тылдағы Жеңісті жақындатқан жұмысшылардың ерлік еңбектерінің мәңгі өшпейтіндігін дәлелдейтін белгі болып қалмақ. Біздің аталарымыз бен әкелеріміздің батырлықтары мен жанқиярлықтары, олардың өз Отанына деген шексіз сүйіспеншіліктері Қазақстанның бүгінгі жауынгерлері үшін мақтан тұтарлық үлгі ғана емес, бұл – бірнеше ұрпақты байланыстыратын қоғамның рухани дамуы мен ұлттық қайта өрлеуінің жоғары адамгершілік негізі. Жеңіс күні – абыройымыз бен даңқымыздың мерекесі. Табандылық пен ерлік, Отанға деген сүйіспеншілік қатал соғыста Жеңіске жеткізді. Сол бір сұрапыл жылдары Қазақ халқы өзінің Отанына, жеріне деген патриоттық сезімін, ұлттық мақтанышын дәлелдеді. 500-ден аса жерлестеріміз, оның ішінде 96 Қазақ Кеңес Одағының Батыры атағын алды. Олар: Бауыржан Момышұлы, Талғат Бегельдинов, Сергей Луганский, Иван Павлов, Мәншүк Мәметова, Әлия Молдағұлова және көп басқалар. Жауға қарсы шайқастар алдыңғы шептегі ұрыстарда ғана емес, алыстағы ауыл мен кең байтақ далада да жүріп жатты. Сол жылдары Қазақстан миллиондаған босқындарды өз бауырына аналық мейірімімен тартушы, эвакуацияланған завод пен фабрикаларға, майданға керекті оқ -дәрі мен азық-түлік жеткізуші үлкен арсеналға айналды. Жарыстар Мәскеуде, Ленинградта, Сталинградта жүргізді. Көрнекті Қазақ ақын, Жамбыл Жабаев, Ленинградтың ауыр тағдыры туралы өлең жазды. Ленинградтық өренім, Мақтанышым сен едің! Нева өзенін сүйкімді, Бұлағымдай көремін... 9 мамыр - бұл мереке ғана емес, бұл ауыр еңбек, бұл халықтың батырлығы. Бiздiң парызымыз - бұл күндi еске сақтау. Бiздiң ардагерлеріміз! Олар кемде-кемде қалды. Оларға лайықты кәрілікті қамтамасыз ету, оларға көмектесу керек. Ұлы жеңістің күнімен құтты болсын! Тарихымызда қалған бұл сұрапыл соғыстың кеселінен өткен ата апаларымыз аман болсын! Келешек еліміздің дархан даласы кең, аспаны ашық болсын! Жұдырықтай жұмылған, білектей біріккен кеңпейіл Қазақ елі жасасын! Ешқашанда жауынгер ерлігі мен жеңісті еңбегімен соққан еңбекшінің ерен ерліктері ұмытылмайды. Бүгінде біздің азаматтық міндетіміз – болашақ ұрпақты Отанын сүюге, елінің, жерінің адал патриоттары, достық пен бірлік туралы түсінік беру арқылы отансүйгіштікке тәрбиелеу. 

перевод на русски 
Худшей войной в истории человечества была 66-я годовщина войны. Но поскольку Великая Победа не забыта, война оставила незабываемый отпечаток. День Победы - общий праздник для тысяч поколений. Этот праздник является знаком, который доказывает вечность мира и милосердия, доблесть воинов-солдат и офицеров, защищающих Родину, вечность героической работы рабочих, которые нарисовали победу над фронтом. 
  Героизм и пыл наших отцов и отцов, их бесконечная любовь к Родине - не только гордый пример для сегодняшних воинов Казахстана, это высокая моральная основа духовного развития и национального возрождения общества, которое соединяет несколько поколений. День Победы - это праздник нашего достоинства и славы. Тяжесть и мужество, любовь к Родине победили в жестокой войне.

В те трудные годы народ Казахстана проявил патриотические чувства, национальную гордость за свою родину и землю. Более 500 соотечественников, в том числе 96 казахов, были награждены Героем Советского Союза. Среди них Бауржан Момышулы, Талгат Бегельдинов, Сергей Луганский, Иван Павлов, Маншук Маметова, Алия Молдагулова и многие другие. Борьба с врагом продолжалась не только на поле битвы, но и в отдаленной деревне и в обширных степях. В те годы Казахстан стал крупным арсеналом миллионов беженцев, которые привлекают своих братьев к своим семьям, эвакуированным заводам и фабрикам, к поставке предметов снабжения и поставок на фронт.Соревнования проходили в Москве, Ленинграде, Сталинграде. Выдающийся казахский поэт Жамбыл Жабаев написал стихотворение о великой судьбе Ленинграда. Ленинград, моя гордость! Нева прекрасна, мне это нравится ... 9 мая - это не просто праздник, это тяжелая работа, это герой народа. Наш долг - помнить этот день. Наши ветераны! По крайней мере, они остались. Им нужно обеспечить достойную старость.
Поздравляем с Днем Великой Победы! Пусть наши предки переживут эту трагическую войну в нашей истории! Будущее страны велико, и небо открыто! Давайте сделаем казахский народ счастливым вместе с локтями! Не забыт героический героизм трудящегося, который никогда не пал на мужество и победу солдат. Сегодня наша гражданская обязанность - воспитывать наших будущих поколений патриотизм, любовь к Родине, искренние патриоты страны, землю, дружбу и единство.
ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Қазақ тiлi