Жаз — жылдың төрт мезгілінің бірі. Бұл кезде Жер шары өз орбитасының жазғы күн тоқырау нүктесінен күн мен түннің күзгі теңелу нүктесіне дейінгі аралығында болады.
Астрономиялық тұрғыдан жаз 93 күнге (23. 6. – 23. 9) созылады. Әдетте, Жер шарының солтүстік жартысында маусым, шілде және тамыз жаз айлары болып есептеледі. Жаз — жан-жануарлардың тіршілігіне жайлы, шаруашылыққа қолайлы кез. Жазда табиғат жадырап, күн ұзақ және жылы болады. Мал семіреді, егін бойлап өседі, ауыл шаруашылық, құрылыс, тасымал, т.б. жұмыстары қауырт жүргізіледі.