составить 6 во до 23:00 23 апреля ТЫҢДАЛЫМ ОҚЫЛЫМ
МӘТІНМЕН ЖҰМЫС
5-тапсырма. Мәтінді тыңда. Оқы.
Қазақ даласында қолөнер ерте дамыған. Қазақ халқы күнделікті
тұрмысқа қажет заттарды қолдан жасаған. Оларды талғаммен әшекейле-
ген. Қазақтар киіз басып, сырмақ жасау, кесте тігу, алтын-күмістен әшекей
жасау технологиясын керемет меңгерген.
Қазақ жерінде өмір сүрген массагеттер барлық затты әшекейлеген.
Ол туралы Геродот: «Олардың барлық заты алтын мен мыстан жасалған.
Соғысқа қажет құралдары, оқтары мен айбалталары мыстан жасалған.
Баскиім, сәукеле, белдік, әшекейлері алтын-күмістен, асыл тастардан
жасалған. Сондай-ақ атәбзелдері, құрал-сайманы мыстан жасалған, ер-
тұрманы алтынмен әшекейленген», – деп жазады.
Қазақта ою-өрнек кең тараған. Қазақтың ою-өрнегі халықтың ойы
ұшқыр, талғамы биік болғанын көрсетеді. Ғимараттарды, жиһаз, ағаштан
жасалған ыдыстарды ою-өрнекпен әшекейлеген. Ою-өрнек — Ұлы дала
өркениетінің бір түрі.