СОР ПО КАЗАХСКОМУ ЯЗЫКУ Айтылым 2-тапсырма. Мәтінді оқыңыз. Мәтіндегі ақпаратты пайдаланып, Сингапур басшысымен жүргізілетін сұхбат сұрақтарын құрастырыңыз. Дайындаған сұрақтарыңызды жұбыңызға қойып, жауап алыңыз. Сұхбат жанрын сақтап, ұлттық сөз әдебі мен сөйлеу этикеті формаларын қолданыңыз (6 сұрақ-жауап). Келесі мысал – Ли Куан Ю. Отыз жылдан сәл асқан уақыт ішінде ол Сингапурды өмір сүру деңгейі жоғары, дамыған қала-мемлекетке айналдыра алды. Бүгінгі күні Сингапурдегі білім беру мен денсаулық сақтау жүйелері - әлемдегі ең үздіктердің бірі. Жан басына шаққандағы кірісі 25 мың доллардан асты, ал тәуелсіздігін алған кезде ол небәрі 1 мың долларға да жетпейтін еді. Екі миллион халқы бар мегаполис ірі ұлтаралық компаниялардың жұмыс істеуі үшін ерекше тартымды азиялық қалаға айналды. 1991 жылы мамырда Ли Куан Ю бейресми сапармен Алматыға келіп қайтқан еді. Міне, сол кезден күні бүгінге дейін жалғасқан біздің өзара достығымыз басталды. Ол Қазақстанда өткізген бес күннің ішінде біздің еліміздің жағдайымен танысып, менің өтінішім бойынша, сол кезде Қазақ КСР Министрлер Кеңесінде жұмыс істеп жүрген жас экономистер тобы алдында сөз сөйледі. Табан астында ұйымдастырылған лекцияда Ли Куан Ю мемлекет- қаланың қалай құрылғаны, қалай дамығаны туралы әңгімеледі. Ол тыңдаушылар назарын 1965 жылы Сингапурдың тәуелсіздік алуымен байланысты тап болған проблемаларға аударды.