СОР ПО КАЗАХСКОМУ ЯЗЫКУ 1-тапсырма. Оқылым.
Берілген өлеңдерді оқып, тапсырмаларды орындаңыз.

1-өлең

Сұр бұлт түсі суық қаптайды аспан,
Күз болып, дымқыл тұман жерді басқан.
Білмеймін тойғаны ма, тоңғаны ма,
Жылқы ойнап, бие қашқан, тай жарысқан.

Жасыл шөп, бәйшешек жоқ бұрынғыдай,
Жастар күлмес, жүгірмес бала шулай.
Қайыршы шал-кемпірдей түсі кетіп,
Жапырағынан айрылған ағаш, қурай.

Біреу малма сапсиды, салып иін,
Салбыраңқы тартыпты жыртық киім.
Енесіне иіртіп шуда жібін,
Жас қатындар жыртылған жамайды үйін.
2-өлең

Жазғытұры қалмайды қыстың сызы,
Масатыдай құлпырар жердің жүзі.
Жан-жануар, адамзат анталаса,
Ата-анадай елжірер күннің көзі.

Жаздың көркі енеді жыл құсымен,
Жайраңдасып жас күлер құрбысымен.
Көрден жаңа тұрғандай кемпір мен шал,
Жалбаңдасар өзінің тұрғысымен.

Қырдағы ел ойдағы елмен араласып,
Күлімдесіп, көрісіп, құшақтасып.
Шаруа қуған жастардың мойыны босап,
Сыбырласып, сырласып, мауқын басып.

1-мәтін 2-мәтін

Өлеңдердің авторы кім?

Айырмашылығы

Ұқсастықтары

2-тапсырма. Сұрақтарға жауап беріңіз.

1) Сұрақ: Күзде күн қандай болады?
Қысқа жауап:
Толық жауап:
2) Сұрақ: Күзде балалар не істейді?
Қысқа жауап:
Толық жауап:

3-тапсырма. Диалогті толықтырыңыз.
- ?
- Абайдың әкесі – құнанбай оқуды, білімді бағалаған.
-?
- Абай он жасында Семей қаласына оқуға келген.
-?
- Абай медреседе Науаи, сағди, Физули сияқты ақындардың шығармаларымен танысқан.

Elnarikys Elnarikys    1   06.05.2021 05:45    0

Другие вопросы по теме Қазақ тiлi