Қызғыш құс Ау, қызғыш құс, қызғыш құс, Қанатың қатты, мойның бос. Исатайдан айырылып, Жалғыздықпен болдым дос. Ау, қызғыш құс, қызғыш құс! Ел қорыған мен едім, Мен де айрылдым елімнен, Көл қорыған сен едің, Сен де айрылдың көліңнен.
Аспандап ұшқан қызғыш құс! Сені көлден айырған – Лашын құстың тепкіні. Мені елден айырған – Хан Жәңгірдің екпіні.
Айтып-айтпай немене, Құсалықпен өтті ғой, Махамбеттің көп күні!
Өлеңге өз қөзқарасыңды білдіріп, сұрақтарға жауап беріңіз. (ответьте на вопросы, выразив свое мнение к стихотворению)
1) Махамбет ақын туралы не айта аласыз? 2) Өлеңдегі қызғыш құс пен Махамбет тағдырының ұқсастығы неде?