СОР 1-тапсырма
Сөйлемдерден мақсат және себеп-салдар үстеулерін табыңыз.
• Адамды бекерден босқа күйзеліске ұшырататын әлеуметтік желілердің көшін «Instagram» желісі алып отыр.
• «Facebook» желісіне қарағанда «Instagram» адам миына әдейі артық алмақ салады дейді.
• Бұл қолданушының өмірге деген қызығушылығын жойып, босқа қызғаныш пен жалғыздық сезімдерін туғызатын көрінеді...
Дескриптор Білім алушы
- мақсат және себеп-салдар үстеулерді ажыратады;
- сөйлемдегі үстеу түрлерін ажыратады.
2-тапсырма
Суреттерге қарай отырып, «Ғаламтор» тақырыбында жұбыңызбен сөйлесіңіз (диалог). Мақсат және себеп-салдар үстеулерін пайдаланыңыз.
Дескриптор Білім алушы
- «Ғаламтор» тақырыбында диалог құрастырады;
- сөйлесімде мақсат және себеп-салдар үстеулерін қолданады.
3-тапсырма
Жоғарыда айтылған мәліметтерді қорытындылап, «Ғаламтордағы этикет» тақырыбында мәтін құрастырыңыз.
Мақсат және себеп-салдар үстеулерін қолданыңыз.