Сочинения на казахском языке про шелковый путь

Mrrkoto1 Mrrkoto1    2   10.09.2019 15:00    17

Ответы
ЛинкаСимка ЛинкаСимка  03.08.2020 23:45

Ұлы Жібек жолы туралы.

Еуропа меня Азияда Ұлы Жібек жолы Чжан Цянбының саяхаты нәтижесінде ашылды, "Ұлы Жібек жолы" деген атауды 1877 жылы неміс географы Фердинанд фон Рихтгофен берді.

Ұлы дала арқылы өткен Ұлы Жібек жолы өркениеттің кепілі болды.  Ұлы Жібек жолының ерекше маңызы болды. Ұлы Жібек жолы тек тұтыну тауарларын ғана жеткізіп қойған жоқ, сонымен қатар ол рухани мәдениеттің тірегіне айналды. Ол әсіресе музыка, би өнерінде ерекше байқалады. Ұлы Жібек жолының ең ұзақ бөлігі Орта Азия мен Қазақстан территориясы арқылы өтті.

Сол кезде сауда – саттық жақсы дамып, базар, жәрмеңке, сауда жолдары ашылды. Адамдар, асыл тастар, алтын, күміс, тұз, шипалы өсімдіктер мен хош иіс сулары, азық – түлік және басқа да заттармен алмасты.

Ұлы Жібек жолы бойындағы қалалар саяси, экономикалық, мәдени жағынан дамыды. Мысалы, сол тұста Тараз қаласы «саудагерлер қаласы» деп аталды. Себебі Тараздың жүрегі – мешіттері, керуен сарайлары, наубайханалары мен шеберханалары сауда жолында орналасқан болатын.

Ұлы Жібек жолы - дүниежүзілік өркениет тарихының басты жетістіктерінің бірі. Ұлы Жібек жолы Батыс пен Шығысты байланыстырған трансконтинентальды трасса болды.

ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Қазақ тiлi