Сочинение про барса казахском языке маленькое сочинение

ladykrisMi ladykrisMi    3   04.10.2019 09:51    1

Ответы
kirill5761 kirill5761  09.10.2020 19:22

Қар барысы- Орталық Азиядағы тауларда, Солтүстік Үндістан, Пәкістан, Байкал, Тибет өңірлерін мекендейтін мысық. Тува жерінде бұл түрді ирбиш, Жетісу жерінде ильберс, Алматының шығысында ирвиз, түркі тілдерінде ирбиз деп атаған. Сондықтан оны ілбіс немесе барыс деп атап кеткен. Түрдің таралуы Орталық Азия және Оңтүстік Сібір тауларын қамтиды. Алтай тауларында бірең-сараң аңмен кездесу Күршім, Холзун, Оңтүстік Алтай, Тарбағатай, сондай-ақ Бұқтырма, Қарақаба өзендерінің жоғарғы жағында, Марқакөл маңында байқалды. Тянь-Шань, Тарбағатай, Сауыр мен Алтайдың биік жоталарында таралған; таулардың альпі және субальпі белдеулерінде құзды, жартасты жерлерді мекендейді. Қаратауда (Сырдариялық) XX ғ. 40-шы жылдары жойылып кеткен. Іле және Жоңғар Алатауларының онша биік емес жоталары – Торайғыр, Сөгеті, Кіші және Үлкен Бөгеті, Қатутау, Ақтау, Шолақ, Матай, Алтынемелде барыс тұрақты мекендемейді, бірақ оларға анда-санда енгені байқалады.  Тасты құздар, негізінен, таудың субальпі және альпі белдеулерінде. Сонымен бірге, онша биік емес тауларда да олардың тік, тасты құзды беткейлерінде ұшырасады.  

ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Қазақ тiлi