Сочинение на тему табиғатта демалыс

timashev94 timashev94    3   04.08.2019 20:50    0

Ответы
shinkevivh2001 shinkevivh2001  03.10.2020 22:30
   «Таза болса – табиғат, аман болар – адамзат» дегендей, табиғатпен адам арасындағы байланыс өте маңызды құбылыс . Адам табиғаттың бір бөлшегі. Шаршап- шалдыққан, жүйкесі ауырып, әлсіреген кезде таза ауада, табиғат аясында демалғанға не жетсін . Әсіресе отбасымен, бала- шағамен табиғатқа шығып, суға түсіп серуендеудің адам денсаулығына пайдасы зор. 
Қазақстанның табиғаты өте ғажап, тамаша! 
Жалаңаш тауына шығып көрсеңіз, қандай керемет,әсем! Биік – биік қарағайлар мен шыршаларға көз тоймайды. Таудың баурайы толған қойбүлдірген. Ал етегіндегі ағып жатқан Жалаңаштың мұздай суы бал татиды, әрі шөліңді қандырады. 
Бала – шаға шуылдап, жайқалған бүлдіргендерді теріп жеп, бір серігіп қалады екен. 
Нағыз демалыс деген табиғат аясы ғой. Мөлдір бұлақтың басында, қарағай мен шыршалардың арасында , таудың етегінде дәмді дастархан жайып демалып жатқанға не жетсін. Жазғы демалыста табиғат бесігіне бөленіп, саяхат жасаған денсаулықтың басты кепілі. Сондықтан да, табиғатымызды таза ұстап, денімізге саулық тілейік.
ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Қазақ тiлi