Сочинение на тему моя любимая игра на казахском языке

newzorowaa2018 newzorowaa2018    3   07.07.2019 02:40    0

Ответы
KoCmiK11 KoCmiK11  02.10.2020 21:44

Менің сүйікті ойыным.

Барша ғаламда қаншама ойын бар десеңізші?Ойынды тек еңбектеген бала ғана емес,жасы үлкендер де сүйіп ойнап жатады.Бірі компьютерлік ойынды ұнатса,енді бірі логикалық ойындарды,кейбіреуі спорттық ойындарды ұнатады.Ал менің сүйікті ойыным - волейбол.Адамзатқа ең пайдалы ойындар ол - спорттық ойындар.Спорттық ойындар - салауатты өмір салтының бір бөлігі деп ойлаймын.Волейбол - командалық ойын боп саналады."Ойынның да ережесі бар" демекші,волейболдың өз ережелері бар,бірақ аса ауыр емес.Мұнда екі команда волейбол торының екі жағына бөлініп,өздеріне берілген алаңда ойнайды.Команда допты өз алаңына түсіріп алмай, керісінше,қарсылас команданың алаңына түсіріп,ұпай жинауы қажет.Ойын кезінде допқа үш реттен артық қол тигізуге болмайды және тағы да басқа.Бұл ойынды ұнатуымың себебі:денсаулығыма септігін тигізеді, ережелері ауыр емес және ойнау үшін көп құралдың қажеті жоқ.Волейболда әр ойыншының алар орны маңызды.Сондықтан ойнау үшін жылдам әрі епті,ақылды және қу,күшті әрі батыл бола білу керек.Ал менің бойымда мұндай қасиеттер бар.Әрдайым бос уақытымда достарыммен волейбол ойнауға құлшынамын.

ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ